AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Оқу бағдарламасына қаржылық сауаттылық курстары ен...

Оқу бағдарламасына қаржылық сауаттылық курстары енгізіледі

Экономика 31.10.2023, 08:11 1,388
Оқу бағдарламасына қаржылық сауаттылық курстары енгізіледі
Сурет: интернеттен

Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігіне осы мәселені пысықтауды тапсырды.


Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігі оқу бағдарламалары аясында қаржылық сауаттылық курстарын енгізу мәселесін пысықтауы керектігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл мәселелерді жоғары оқу орындарымен бірге қарауы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Кәмелетке толған жастар өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін қалай дұрыс есептеу керектігін, кредитті қалай және қандай кредит алу керектігін нақты түсінуі керек. Мұндай тәжірибе көптеген елде бар", — деді Әлихан Смайылов.



Сондай-ақ Үкімет басшысының айтуынша, халықтың шамадан тыс кредит алу проблемасын шешу құралдарының бірі – азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы институты болып табылады. Сонымен бірге борышкерлердің бәрінде бірдей банкроттық рәсімін пайдалану мүмкіндігі жоқ.


Проблемалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Қаржы министрлігі осы жылдың соңына дейін құжаттар беруді оңайлату және соттан тыс банкроттықты қолдану рәсімін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет.



"Бірақ адамдарда "банкрот болсақ, қарызды жаба салады екен" деген қате түсінік болмауы тиіс. Бұл – үлкен жауапкершілігі мен белгілі бір шектеулері бар маңызды қадам", — деді Премьер-Министр.



Оған қоса Үкімет басшысы бүгінгі таңда банк саласындағы интернет-алаяқтық өзекті мәселеге айналғанын айтты. Жалпы соңғы жылдары мұндай фактілердің саны 5 есеге дейін көбейіп кеткен.



"Осы жылдың басынан бері интернет-алаяқтыққа байланысты 15 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді. Келтірілген зиянның мөлшері 13 млрд теңгені құрады. Оның 65%-ын шетелден келген алаяқтар жасаған. ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен және мобильді байланыс компанияларымен бірге осындай жағдайларға мониторингті күшейтіп, алаяқтық фактісі бойынша азаматтардың өтініштерін жедел қарауы керек", — деді Әлихан Смайылов.



Қорытындылай келе, Премьер-Министр халықтың шамадан тыс несие алу мәселесінің ұтымды шешімі жаңа өндірістер мен тұрақты жұмыс орындарын құру екенін айтты.



"Бұл халықтың табысын арттыруға және кредит алуын төмендетуге барынша оң әсер етеді. Осыған байланысты жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жоспарланған инвестициялық жобаларды, әсіресе шикізаттық емес секторларда іске асыруды жеделдетіп, жаңа жобаларды пысықтауы тиіс", - деп түйіндеді Үкімет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тапсырма #қаржы #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);