AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оқу-ағарту министрі өңірлердегі психологиялық қызм...

Оқу-ағарту министрі өңірлердегі психологиялық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырды

Әлеумет 15.05.2024, 10:14 669 dulatbekova
Оқу-ағарту министрі өңірлердегі психологиялық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырды
Сурет: Gov.kz

Павлодар және Жамбыл облыстарындағы оқыс оқиғалар бүгін облыс әкімдерінің орынбасарлары, полиция департаменттері, білім басқармалары, аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының қатысуымен өткен балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне арналған шұғыл кеңесте талқыланды.

Өз баяндамасында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова өткен жылдың басынан бастап Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру ұйымдарын техникалық қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыру бойынша жан-жақты жұмыс атқарғанын атап өтті. Нормативтік-құқықтық актілер, балаларды қорғау жөніндегі кешенді жоспар және буллингке қарсы бағдарлама қабылданды. Осыған дейін мектептерде психологиялық-педагогикалық жұмысты күшейту туралы мәселе бірнеше рет көтерілді, бірақ бұл жағымсыз жағдайлар жергілікті атқарушы органдардың тарапынан жіберілген олқылықтарды көрсетіп берді.

Оқиға орын алған мектептердегі және жалпы білім беру ұйымдарындағы жағдай мен қабылданған шаралар туралы Павлодар және Жамбыл облысы әкімдерінің орынбасарлары ақпарат берді. Оқу-ағарту министрі психологиялық қызметтердің жұмысын күшейтудің және қалған сегіз өңірде оны ашуды жеделдетудің маңыздылығын атап өтті.

«Тағы да қайталаймын, балалардың қауіпсіздігі - біздің ортақ міндетіміз. Жағдайды біржақты бағалауға болмайды. Қазір өңірлердегі психологиялық қызметтердің жұмысын институционалды түрде күшейту қажет. Білім беру ұйымдарына мамандандырылған сапалы күзет қызметін қою керек. Балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жұмыстарын нәтижелі жүргізу маңызды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысы мектепішілік бақылауды күшейтуге және әрбір мектепке учаскелік инспекторларды бекіту мәселесіне жеке тоқталды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аумақтық департаменттермен бірлесіп білім ошақтарында мектепішілік есепке алуды және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді сапалы қамтамасыз етуі қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Психологиялық көмек #жұмыс #күшейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Бүгін 10:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика