AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оқу-ағарту министрі мен Қорғаныс министрімен кезде...

Оқу-ағарту министрі мен Қорғаныс министрімен кездесті

Әлеумет 23.01.2024, 08:42 1,398
Оқу-ағарту министрі мен Қорғаныс министрімен кездесті
Сурет: Gov.kz

Тараптар өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу және балалар мен оқушылардың бос уақытын мағыналы ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.


Олар бұдан бөлек Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан «Алтын емел» кешенін осындай мақсатқа пайдалану жөніндегі ведомстволар арасындағы шартты ұзарту жайын қозғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Қорғаныс ведомствосының басшысы бүгінгі таңда «Алтын емел» аумағында оқу-сауықтыру орталығы толық жұмыс істемейтінін атап өтті. Ол Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалының нысандарын жөндеуге, спорт алаңдары мен тағы бір асхана салуға көмек көрсетуді ұсынды.


Министрлер «Балдәурен» РОСО-ның төрт филиалында әскери қызметшілер мен Қарулы күштер қызметкерлерінің балаларына демалу, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оңалтуға квоталар бөлу мүмкіндігін де талқылады.



«Жас сарбаз қозғалысы біздің қолдауымыздың арқасында дамып, жұмыс істеп келеді. Әр гарнизондағы бұл балалар осы оқу-сауықтыру орталықтарына өз қатарластарын білуге, демалуға, оқу алдында күш-қуат жинап, тынығуға келе алады, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов. – Бұл мемлекеттің нақты қолдауы болмақ және біз өз тарапымыздан қызметтің өзге де бағыттары бойынша көмектесуге дайынбыз».



Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз кезегінде «Балдәурен» РОСО барлық филиалдарында әскери қызметшілердің балаларын сауықтыруға арналған квота туралы ұсынысты қолдады. Сөз барысында ол әскери бөлімдердің есіктері балалардың алдында жиі ашыла бастағанын атап өтті.



«Біз қазір әскери бөлімдерде ашық есік күндерінің жүйелі түрде өткізіліп жатқанын байқап отырмыз. Мектеп бітіруші сынып оқушыларын әскери-патриоттық тәрбие саласына белсенді тарту, оларды армияның күнделікті өмірімен таныстыру қажет», – деп атап өтті ол.



Министр Ғани Бейсембаев балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге алғашқы әскери дайындығын ұйымдастырушы оқытушылар ретінде әскери зейнеткерлердің қатысуына қолдау білдірді.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті меморандум жасасу және балалар мен оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша бірлескен жұмыс жоспарын жасау жөнінде жұмыс жүргізуге шешім қабылдады. Екі министрліктің ынтымақтастығы ашық есік күндерін өткізуді, «Балдәурен» РОСО филиалдарында үйірмелер, спорт секцияларын ашуды және сыныптарды тақырыптық безендіруді көздейді. Бұл бағытта жұмыс әрі қарай жалғасатынын айта кеткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқу-ағарту министрі #Қорғаныс министрі #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);