AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Оңтүстік Кореяда орман өртінен кем дегенде төрт ад...

Оңтүстік Кореяда орман өртінен кем дегенде төрт адам қаза тапты

Әлем 23.03.2025, 15:46 774 Nursok82
Оңтүстік Кореяда орман өртінен кем дегенде төрт адам қаза тапты
видеодан алынды

Оңтүстік Кореяда болған бірнеше ірі орман өртінен кем дегенде төрт адам қаза тапты, ал тағы алтауы жарақат алған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өрт жұма күні Сончхон ауданының аумағында басталған, ол Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырымда орналасқан. Қатты желдің әсерінен от тез таралып, көрші аудандарды да қамтыды. «Рёнхап» агенттігінің мәліметінше, қазірдің өзінде 3000 гектардан астам жер өртеніп кеткен.

Ең көп зардап шеккен Ыйсон ауданы болды, онда 1000 гектардан астам орман өртенді. Осы ауданның аумағында Силла династиясына тиесілі көне Унрамса ғибадатханасы да өртенді. Алты ғимаратты жалын құшты. Әбүйір болғанда монахтар ғимарат ішіндегі құнды артефактілерді шығарып үлгерген. 

Табиғи апаттармен күрес жөніндегі орталық штабтың мәліметіне сәйкес, төрт адам қаза тауып, тағы алты адам ауруханаға түскен, олардың бесеуі ауыр жарақат алған. 1500-ден астам адам уақытша баспаналарға эвакуацияланды. «Рёнхап» мәліметінше, өрт сөндірушілер елдің оңтүстік-шығысындағы төрт ауданда өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #төтенше жағдай #корея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында бірлік күнін дәріптеген фестиваль өтті

Бүгін 14:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика