Онлайн мамандықтарға сұраныс артты

Онлайн мамандықтарға сұраныс артты Коллаж: Нұрбосын Өрісұлы

Жаңа мамандықтар қалай дамуда?

 

Айнеля тағы бір күнін қарсы алды. Әдетінше, асықпай таңғы асын ішіп, терезесінен қарбалас қалаға қарап әз-кем уақыт өткізді. Енді міне, сүйікті кофесін ішіп алып, жұмысына кіріспек. Бұл оның жұмыс күні болатын. 

Осы кезде өзімен қарама-қарсы есікте тұратын көрші тәте қоғамдық көлікте кетіп бара жатқан. Оның ойында «Бүгін тағы жұмыстан кешіктім, сөгіс естимін-ау» деген уайым ғана бар.

Екі көршінің таңғы өміріндегі мұндай айырмашылықтың пайда болғанына бірнеше жыл ғана болды. Айнеля соңғы жылдары қарқынды дамыған жаңа мамандықты игеріп, онлайн жұмыс істеп жүрген жас маман. Өз үйінде, қоғамдық көлікте, әлде кофеханада, кейде саябақта отырып 2-3 сағат сапалы жұмыс істеу ол үшін толық жұмыс күнінің аяқталғанын білдіреді.

Айнеля – біз сұхбаттасқан кейіпкеріміздің бірі, копирайтер маманы. Ол да бұрын бірнеше түрлі жұмыс орындарында істеген, таңнан кешке дейін дәстүрлі жұмыс тәртібінде жүріп-тұрған. Бірақ жаңа тенденцияға ілесіп онлайн жұмыс істегеннен кейін өмірі мүлде басқа бағытқа өзгерді.

«Бір артықшылығы – бір ғана салада жұмыс атқармай, бірнеше компаниялармен, түрлі сарапшылармен бір уақытта жұмыс істей отырып мол табыс таба аламын», – дейді Айнеля Жанботырова қазіргі жұмысының артықшылығын сұрағанымызда. Оның ойынша дәстүрлі жұмыс стилі өмірге үлкен шектеулер пайда қылып, өзіне уақыт бөлуге мұрша бермейді. Қазіргі өмірі біздің кейіпкерімізге ұнайды, себебі ол табыс таба отырып, өзінің шығармашылығына, жеке өміріне уақыт бөле алады.

Заман мен ғаламның өзгеруімен мамандықтар да қарқынды түрде дамып, жаңаруын байқап отырмыз. Әр дәуірдің талаптарына сай жаңа кәсіби бағыттар пайда болып, танымал мамандықтар жаңа тұрпатта жаңғыруда. Қазіргі заманда технологияның жылдам дамуы мен қашықтан жұмыс істеу мүмкіндіктерінің кеңеюі онлайн мамандықтарды үлкен сұранысқа ие етті. Әлеуметтік медианың, цифрлық маркетингтің, бағдарламалаудың және басқа да сандық қызметтердің маңызы артқан сайын, онлайн жұмыс істейтін мамандарға деген сұраныс күннен-күнге өсуде. Жаңа мамандықтардағы табыс мүмкіндіктері де сан түрлі. Технологиялық жетістіктер мен ғаламтордың өркендеуі бізге жаңа еңбек нарығын ұсынуда. Бұндай жұмыс салалары қоғамымызда әлі толық қалыптасып, дамып үлгере қоймады. Соған қарамастан оларға деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.

Қазір Алматыда заман талабына сай жаңа мамандықтарды игеріп онлайн жұмыс істейтін жастар өте көп. Соның бірі Анел ОРЫНБАЙ, СММ маманы. Анелдің өмірі бірқалыпты, бірақ өте жайлы. Онлайн жұмыс істеу оның өмір дағдысына сай келеді. Себебі, Анел уақытын тиімді пайдалануға тырысатын адым, жеке өміріне, денсаулығына көп көңіл бөлегенді қалайтын адам. Өмірдің әр сәтін толыққанды сезініп, ләззат алғысы келеді. Қазір жұмысы міне осы өмір салтына үйлесіп-ақ тұр. 

Оған мұндай салаға қалай келгенін сұрап көрдік:

        «Шынын айтсам, маған дәстүрлі жұмыс тәртібі ұнайды. Үнемі басшымен байланыс ортанып, есеп беріп, белгілі бір уақыт аралығында бір орында тапжылмай жұмыс істеу, тағысын тағылар... Міне, бұлар маған мүлде ыңғайсыздық тудырады. Керісінше, заманға сай өз-өзіме басшы болып, онлайн жұмыс істеу тиімді әрі ыңғайлы», – дейді Анел.

Онлайн жұмыс оған барлық уақытта өз жоспарын құрып, уақытыңды қалай өткізу керектігін өзің шешуге мүмкіндік береді. Осылайша Анел өз жұмысында толық еркіндікке ие болған алматылық жастардың бірі. Жеке өміріне уақыт қалдыруды, әрдайым өзіне үңіліп, жаңа идеялармен жұмыс істеу – бүгінгі жас буынның қалауы.  

Біз сұхбаттасқан осы кейіпкерлеріміз онлайн жұмыстың мүмкіндіктерін көбірек пайдалануға кеңес береді. Олар үшін онлайн жұмыс – тек табыс табу ғана емес, өмір сапасын арттырудың маңызды жолы. Бірақ дәстүрлі жұмыс стилімен үйлесім табудың да маңызды екенін мойындайды.

Олар – жаңа мамандық иесі, біздің замандастарымыз, айналамыздағы адамдар, алматылықтар. Өмір сүру мен жұмыс істеу арасындағы теңгерімді дұрыс тапқан жаңа буын өкілдері десек те болады. Осыған қарап онлайн дәуір есіп қағып тұрғанын көрсек болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:20

09:16

20:37

17:53

17:42

17:13

17:08

17:05

17:04

16:47

16:26

16:16

15:57

15:39

15:34

15:23

15:04

14:40

14:15

14:14

13:52

13:47

13:11

13:04

12:45