AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз...

Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді

Алматы Бүгін 11:34 46
Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді

Танымал аспаз турнирдің құрметті қонақтарына арнап авторлық тағам дайындады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы белсенді демалыс пен спортты ұнататындардың ғана емес, әлемдік гастрономия өкілдерінің де назарын аударып келеді. Almaty Open ATP 250 халықаралық теннис турнирі аясында қалаға Франциядағы Michelin жұлдызының үш мәрте иегері атанған ең жас аспаз Фабьен Ферре келді.

Сапар барысында танымал аспаз турнирдің құрметті қонақтарына арнап авторлық тағам дайындап, өзінің гастрономиялық ұстанымын таныстырды. Сондай-ақ Almaty Open турнирінің матчтарын тамашалап, қаламен танысты.

Фабьен Ферренің назарын жергілікті өнімдер мен олардың заманауи асүйде қолдану мүмкіндіктері аударды. Оның пікірінше, Алматыда ерекше дәмі бар тағамдар әзірлеуге қажетті өнімдер жеткілікті. Сондай-ақ француз аспазы қала тұрғындарының қонақжайлығына жоғары баға берді. Айта кетейік, бұл – оның Алматыға екінші сапары.

Фабьен Ферре Қазақстанның гастрономиялық туризмді дамытуға зор мүмкіндігі бар ел екеніне тоқталды. Оның айтуынша, елімізде жергілікті өнімдер мен ұлттық асхананың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген дербес гастрономиялық бағытты қалыптастыруға барлық алғышарт бар.

Алматы мейрамханалары да халықаралық деңгейде танылып келеді. Қаладағы бірқатар мейрамхана The World’s 50 Best Discovery, La Liste және WHERETOEAT INTERNATIONAL рейтингтеріне еніп, Tatler Best Kazakhstan сыйлығымен марапатталған. Әлемге танымал аспаздардың Алматы гастрономиясына қызығушылық танытуы қаланың халықаралық туристік картадағы орнын нығайтуға және оны жаңа қырынан танытуға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі автомобиль өткізу бекеттеріндегі жаңғырту жұмыстары келесі жылы аяқталады

Бүгін 12:46

Ғылым елді ауқымды жаңғыртудың негізіне айналуы тиіс – Ақылбек Күрішбаев Жолдау туралы

Бүгін 12:38

Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды

Бүгін 12:33

Алматыда қайта өңделетін қалдықтарды жинауға арналған жаңа «алма» орнатылды

Бүгін 12:30

Алматылықтарға Әуежай көлінің аумағын қалай көркейту жоспарланып отырғаны айтылды

Бүгін 12:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);