AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өңірлерде су тасқыны кезеңіне жоспарлы дайындық жү...

Өңірлерде су тасқыны кезеңіне жоспарлы дайындық жүргізіліп жатыр

Әлеумет 03.02.2026, 11:37 272 dulatbekova
Өңірлерде су тасқыны кезеңіне жоспарлы дайындық жүргізіліп жатыр
Сурет: Gov.kz

Еліміздің өңірлерінде көктемгі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында кешенді дайындық жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Атқарылып жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен инфрақұрылымды қорғау, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу.

 Алматы облысында 25,6 км арық, 3 км канал және 4,2 км өзен арнасы тазартылды, сондай-ақ автомобиль және теміржол жолдарының астындағы 16 су өткізу құбыры тиісті күйге келтірілді. Қарды уақтылы шығару мақсатында облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларында мердігер ұйымдарды тарта отырып, қар полигоны айқындалды. Гидрологиялық жағдайды бақылау үшін «Қазгидромет» РМК мен «Қазселденқорғау» АҚ бекеттерін қоса алғанда 42 гидробекет жұмыс істеп тұр. Өзендерде мұз кептелістері байқалмайды, гидрологиялық режим штаттық деңгейде сақталуда.

  Ақтөбе облысында су басу қаупін азайту мақсатында өзен арналарының 9 км аумағында тазалау, тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Қорғаныш құрылыстарына ерекше назар аударылып, 23 км гидротехникалық нысан салынды, оның ішінде 4 км қорғаныш және 19 км үйінді бөгеттер бар. Сонымен қатар қолданыстағы бөгеттер мен үйінділердің 20,6 км бөлігі жөндеуден өткізілді. Еріген судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін 9 км нөсер кәріз жүйесі және 8 км су бұру арналары салынды. 7 км жаңа арық жүйелері қазылды. Автожолдарда 233 су өткізу құбыры мен инженерлік нысан жөнделді және орнатылды.

Жамбыл облысында ТЖД көктемгі кезеңде мүмкін болатын төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қажет арнайы техника дайындығын тексерді. Техниканың техникалық жай-күйі, жарамдылығы және жедел әрекет етуге дайындығы бағаланды.

Жетісу облысында су тасқыны кезеңіне дайындық алдын ала басталды. Атқарылған жұмыстар аясында 24 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды. Су тасқыны қауіпті учаскелерде 14 км су бұру арналары салынды және тазартылды, 3 км қорғаныш бөгеттері жөнделді, 11 км өзен арналарын және каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 13 км өзен арналары тереңдетіліп, жағалауы нығайтылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17 ауылдық елді мекенді су басу қаупі төмендетілді.

Батыс Қазақстан облысында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, облыс аудандарының су тасқынына дайындығын тексерді. Тексеру кезінде күш-қуат пен құрал-жабдықтардың, соның ішінде құм сөмкелерінің дайындығы бағаланды. Жалпы алғанда барлық аудандарда алдын алу су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқаны және қажетті техника мен жабдықтар дайын екені анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысы су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуіне бөгендерді нығайту, үйінділер мен еріген су ағынын реттеу есебінен жоспарлы түрде дайындалуда. Прибрежное және Тепличное ауылдарында, сондай-ақ Қызылжар ауданының Бескөл ауылында қорғаныш бөгеттерінің беріктігі мен су шаюға төзімділігін арттыру үшін бетондауды қоса алғанда оларды реконструкциялау және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Еріген судың реттелген ағынын қамтамасыз ететін су өткізгіш құрылымдарға және елді мекендердегі қорғаныш топырақ үйінділерін салуға ерекше назар аударылуда. Жұмыстардың сапасы ТЖД өкілі қатысқан комиссиялық тексеру арқылы бағаланды. Қарабек көліндегі су деңгейін төмендету бағытында қосымша шаралар жүзеге асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);