конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Өңірлерде қазақ киносының күндері өтеді

Өңірлерде қазақ киносының күндері өтеді

Мәдениет 01.02.2025, 13:55 758
Өңірлерде қазақ киносының күндері өтеді
Almaty-akshamy.kz

Ұлттық киноны қолдау орталығы еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақ киносының он күндігін өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шара аясында көрермендерге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Кино орталығының қолдауымен түсірілген бірқатар фильмдер ұсынылады. Алғашқы көрсетілім Қарағанды облысын қамтымақ, содан соң шара өзге қалалар мен ауылдық округтерде де ұйымдастырылады. Бастаманың басты мақсаты – отандық киноның көкжиегін кеңейтіп, қазақстандық киногерлердің жетістігімен таныстыру. 

Қазақ киносының күндері аясында көрермендер өзекті тақырыптарды қаузап, ел тарихы мен мәдениетін айшықтайтын фильмдерді тегін тамашалай алады. Осылайша, шалғай ауылдың тұрғындары бүгінгі қазақ кинематографиясының үздік туындыларымен қауышпақ.

«Көрсетілімді Қарағанды облысынан бастауымыздың өзіндік сыры бар. Бұл аймақ өндірістің қайнаған ортасында орналасқан. Биылғы жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны белгілі. Сол себепті де ауқымды шараны осы аймақтан бастауымыздың символикалық мәні бар. Қарағандыдан бастап, еліміздің әр бұрышында қазақ киносының күндерін өткізу отандық кинематографияны ілгерілетуге серпін сыйлайды деп білеміз. Себебі әрбір фильмнің ең басты жеңісі – оның өз көрерменін табуы. Біздің мақсатымыз да ұлттық киноны халыққа қолжетімді ету», – деді Басқарма Төрағасының киножобалар мониторингі жөніндегі орынбасары Әділет Омаров.

Айта кетейік, бұған дейін Кино орталығының қолдауымен 117 картинаның өндірісі аяқталды. Оның 72-сі – көркем, 37-сі – деректі, 8-і – анимациялық фильмдер. Прокатқа шыққан туындылар да артып жатыр.

«Мәселен, Кино күндері аясында көрсетілетін «Қажымұқан» ұлттық рухымызды асқақтатса, «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан» фильмдері арқылы тұлғаларымыздың жүріп өткен жолына қанығасыздар. «Операция Набат», «Время патриотов» құқық қорғаушыларымыздың еңбегін паш етіп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады. «Боксер» фильмінің басты прототипі өздеріңіз жерлестеріңіз Серік Сәпиев екенін де айта кету керек. «Бауырына салу» деп аталатын кинода дәстүріміз дәріптеледі. Кішкентай көрермендерге арналған «Тайқазан» деп аталатын анимациялық фильм де назарларыңызға ұсынылады. «Алматы, я люблю тебя!», «Соңғы үкім», «Дала қасқыры», «Стоп, ночь», «Шулама» фильмдерінің де айтар ойы бар. Биыл тағы оннан аса туынды прокатқа шығады деп жоспарлануда», – деді Басқарма Төрағасының киножобалар мониторингі жөніндегі орынбасары Әділет Омаров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Кеше 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);