Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «One School – One Skill»...

«One School – One Skill»...

Әлеумет 19.05.2025, 12:35 654
«One School – One Skill»...
aqshamnews.kz

Мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы бұл саланың тамырына қан жүгірте бастады. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттырып, жастарды осы салаға тарту үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Президент тапсырмасына сай қолға алынған бағдарлар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталып отыр. Жалпы, қоғамда  еңбек нарығының ұдайы өзгеріп отыратыны белгілі. Тіпті бір мамандық жойылып жатса, жаңадан мамандық пайда болып, сұраныс пен ұсыныс қатар келіп жатады. Міне, осындайда мамандық таңдау оқу ордасының біліктілігін сынға салады. Сол үшін ең алдымен оқу ордасы сапалы маман даярлау үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жақсартуы керек.

Бұл ретте Болатжан Бозымбаев басшылық етіп отырған «Алматы электромеханика колледжі» нарықтың талабына толық жауап бере алатын мекеме екенін дәлелдеп отыр. Жақында аталмыш колледж Алатау ауданына қарасты Сабила Мырзашқызы басшылық етіп отырған №82 жалпы білім беретін мектеппен өзара Меморандумға қол қойып, «Бір мектеп – бір дағды» («One School – One Skill») жобасын қолға алды. «Автоэлектрик», «Электр жабдықтарын монтаждаушы» атты негізгі мамандықтарды таңдаған оқушылар үшін АЭМК колледжінің арнайы пән оқытушысы Нәлжігіт Бекнұр теориялық дәрістерді, ал АЭМК колледжінде оқу өндірістік-ісі жөніндегі басшының орынбасары Асхат Райхан, пән оқытушылары Игенбай Нұрбол, Толыбаев Қуанышбек тәжірибелік сабақтарды өткізуді бастады.

 

·        Тақырыпқа орай

 

Орынша ӘЖЕНОВА, №82-ЖББ мектебінің кәсіптік бағдар беру маманы:

Таңдаған мамандықтарын игеретін болады

Әрине, мұндай жобалар оқушылардың  қабілеттерін  шыңдап қана қоймай, болашақ кәсібінде пайдалы болуы мүмкін. Олар кәсіби шеберліктің бастапқы дағдыларын алып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті әрі білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтады. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға көмектеседі. Алматы қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен Наурызбай ауданындағы «Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында арнайы және орта білім беретін колледждерінің қатысуымен «WordSkills Kazakhstan» стандарттары бойынша  «JasSkills Almaty – 2025» қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткен еді.

Оған Алматы электромеханика колледжі дайындаған «Автоэлектрик» мамандығының «Шанақ жөндеу» құзыреттілігі бойынша  №82 жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысқан еді. Жарыс шарты бойынша жеңімпаз оқушылар қаланың кез келген колледжіне грант жеңіп алды. Оқу жылының соңында «Автоэлектрик» және «Электр жабдықтарын монтаждаушы» атты негізгі мамандықтарын таңдап, теориялық және практикалық білім алған №82 мектеп оқушылары енді АЭМК колледжінің базасында таңдаған мамандықтарын игеретін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #білім #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика