AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Он айда 70 кітап оқыған

Он айда 70 кітап оқыған

Әлеумет 14.11.2023, 06:47 1,106 Almaty-akshamy.kz. 
Он айда 70 кітап оқыған
Сурет: ашық дереккөз

Кітап оқуды насихаттау, қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында Жетісуда игі бастамалар жүзеге асырылып жатыр. С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхана оқырмандардың оқыған кітаптарының санына қарай жыл сайын үздік оқырмандарын анықтап отырады.


Биыл талдықорғандық Болат Нұржанов жыл басынан бері 70 кітап кітап оқып, облыстық кітапхананың «Ең үздік оқырман» аталымында жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана директоры Самал Шаяхметованың айтуынша, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында тұрақты жұмыстар қолға алынған.


Соның ішінде «Оқитын ұлт» республикалық жобасына жетісулықтар белсене қатысып жатыр. Осы жобаның бірнеше бағыты аясында Ұлттық Академиялық кітапхананың бастамасымен биыл өңірлік кітапхана ұжымы көптеген ақын-жазушыларды оқырмандарына кеңінен насихаттап, кітаптарын ұсынды.



«Облыстық кітапхана жыл сайын үздік оқырмандарын анықтап отырады.Қазірдің өзінде мәдениет мекемесі бірнеше номинация бойынша белсенді азаматтардың есімдерін анықтап, қорытындысын шығарып қойды. Жеңімпаздарды желтоқсан айында арнайы марапаттау жоспарланған», - дейді мекеме директоры С.Шаязхметова.



Айтуынша, Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының «Ең үздік оқырман» аталымында жыл басынан бері 70 кітап оқыған талдықорғандық Болат Нұрғожанов үздік шықса, Өтенай ауылында тұратын 75 жастағы зейнеткер Болатбек Тойбеков 62 кітап оқып, «Ардагер оқырман» ретінде танылды. Ал 51 кітапты оқып тауысқан талдықорғандық жеке кәсіпкер Жаңыл Нұртаева «Белсенді оқырман» номинациясына лайық деп танылды.



«Бала жасымнан кітап оқуға құмар болдым.С.Сейфуллин атындағы кітапханаға жиі барамын. Айына 5 кітапқа дейін оқып тастаймын. Өзім жастайымнан әскери салада қызмет істегеннен кейін бе, Бауыржан Момышұлы, Тахауи Ахтанов, Әди Шәріпов, Кемел Тоқаевтардың шығармалары жаныма жақын. Кітапты неғұрлым таңда ерте тұрып оқуға тырысамын, себебі таңға жақын оқыған кітап әлдеқайда сіңімді, әрі миды қозғалысқа келтіруге көп көмектеседі», - дейді Талдықорған тұрғыны Болатбек Тойбеков.



Жалпы, Жетісу облысының кітапханалар жүйесіне 147 мекеме кіреді. Облыс бойынша 2,8 миллионға жуық кітап қоры бар. Өткен 9 айда кітапханалар қызметіне 1,6 млн адам жүгінген. Кітап берілімі 3,3 миллионға жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #білім #оқу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);