Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі...

Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді

Әлеумет 06.02.2025, 11:00 1,103
Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді
t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру бойынша нақты шаралар талқыланды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Кеңес барысында 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі тыңдалды. Бұл құжат Президенттің электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажетті резервтер құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленген. Электр энергиясын тұтынудың тұрақты өсуін ескере отырып, жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту арқылы 2035 жылға дейін 26,5 ГВт көлемінде жаңа генерация қуатын құру жоспарлануда.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда бірінші атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері туралы баяндады. Ол келіссөздер барысында ел үшін ең тиімді технологияларды таңдау мәселесі басымдыққа ие болғанын атап өтті.

Премьер-министр Олжас Бектенов АЭС салу кезінде экономикалық тиімділікті барынша қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Жеткізушіні таңдауда өндірісті жергілікті деңгейде дамыту, технология трансферті мен ел ішіндегі құндылықты арттыруға ерекше назар аудару қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар, атом ғылымын дамыту, сала мамандарын даярлау және білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері де қаралды. Бұл бағытта «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС басшысы Тимур Жантикин, Ұлттық ядролық орталықтың басшысы Эрлан Батырбеков және Ядролық физика институтының басшысы Саябек Сахиев өздерінің сараптамалық пікірлерімен бөлісті.

Кеңес қорытындысында Премьер-министр атом энергетикасын дамыту бойынша нақты тапсырмалар беріп, саладағы жобаларды тиімді іске асыру үшін ведомстволар арасындағы үйлесімді жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #Атом энергетикасы #ядролық кластер #Алмасадам Сәтқалиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика