AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Олимпиада жүлдегерлері экологиялық марафонға қатыс...

Олимпиада жүлдегерлері экологиялық марафонға қатысты

Әлеумет 14.03.2025, 16:31 782 Аяжан СЕРІКҚЫЗЫ
Олимпиада жүлдегерлері экологиялық марафонға қатысты
Самат Құсайынов

Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Ғұсман Қырғызбаев пен Ле Александра Алматыдағы экологиялық марафон – плоггингке қатысты.

Спорт пен экология – бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл қағиданы Олимпиада жүлдегерлері өз ісімен дәлелдеді. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев “Таза қала” акциясына қатысып, өз мектебінің маңын тазалауға атсалысты.

“Ұлы істер кішкентай қадамнан басталады. Бүгін біз Алматы қаласында “Таза қала” акциясына қатысып, өз мектебіміздің айналасын тазаладық. Бұл іс өзімізден кейінгі ұрпаққа үлгі болса екен деймін”, – деді Ғұсман.

Ле Александра да қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Ол бұл акцияның Алматы қаласының тұрғындары үшін ерекше рөл атқаратынын айтты:

“Алматы – біздің ортақ үйіміз. Мен бұл акцияға қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Осындай шараларды ұйымдастыру өте маңызды. Егер әрбір тұрғын қала тазалығына үлес қосса, өмір сүру әлдеқайда жайлы болар еді. Спортпен айналысып, таза қалада серуендегенге не жетсін!” – деді Олимпиада жүлдегері.

Экологиялық марафон – тек қаланы тазарту ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттаудың бір жолы. Осындай бастамалар арқылы танымал спортшылар жастарға дұрыс үлгі көрсетіп, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.Бұл акция – табиғатқа деген қамқорлықтың, белсенді өмір салтының және болашақ ұрпаққа қалдырар таза әлемге деген ниеттің көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #Олимпиада жүлдегерлері #таза қала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

Бүгін 12:08

Алматыда жаздың басында аптап ыстық болады

Бүгін 11:42

Қазақстанда жылына 10 млн тонна өңдейтін ірі мұнай өңдеу зауытын салуға дайындық басталды

Бүгін 11:36

Алматыда №145 жаңа автобус бағыты ашылды

Бүгін 11:33

Алматының Наурызбай ауданында жаңа балабақша ашылады

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);