ffin.kz

Ойыннан от шықты: Ұзынағаш ауылындағы қыздар арасындағы жанжалдың себебі анықталды

Ойыннан от шықты: Ұзынағаш ауылындағы қыздар арасындағы жанжалдың себебі анықталды Сурет: Almaty.tv

Аядай ауылдағы қос колледждің шәкірттері тәртібін түземесе, жаза екі есе қатаңдауы мүмкін.


Ойыннан от шықты. Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы жасөспірімдер арасындағы жанжалдың неден шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Екеуара келісе алмаған 16 жастағы студенттер ауыл ішіндегі саябақта кездесіп, есеп айырыспақ болған екен. Есте болса, Ұзынағаш медициналық колледжінің екінші курс студенті басқа оқу орнының студентін таяқтың астына алған видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Қара күртеше киген қыздың қызыл киімдегі жасөспірімді жағасынан алып, жұдырықтап жатқанын анық көруге болады. Видеоны түсіріп тұрған ер-азаматтардың төбелеске қатысқандарды ажыратуға құлықсыз екенін де байқалады. Қызуқандылыққа салындық деген студенттер бәрі ойыннан басталды деп отыр.


«Бір-біріміздің сөзімізді көтере алмай, ерегесіп қалдық. Сол жерде эмоцияға беріліп кеттік. Нұрайдың мұрны қанағанда, мен өзім қорқып қалдым», – деді студент Дильноз.


Желіде жұдырық жұмсады деген жасөспірім дәл осы Ұзынағаш медицицинилық мекемесінде екінші курста оқиды екен. Оқу орынының әкімшілігі  студенттің тәртібі жақсы екенін айтты.  Алайда көпшілік оны асқан қатыгездікпен жұдырық жұмсағаны үшін жазаға тарту керегін айтады.


Аталған медициналық мекеменің басшысы бұл бейнежазбаның кеше ғана шығуы бізге жасалған қастандық деп отыр. Ал екі жас арасындағы жанжалды қарапайым жағдай деп баға беріп отыр.



«Өздері саябаққа шақырған. Біреу әдейі суретке түсірген. Олар бір ауылда тұрады. Бәрі біледі. Конфликт әр жерде болады, мысалы, үйде де төбелеседі», – деді Ұзынағаш медициналық колледжінің директоры Ильдар Юлдабаев.



«Бүгінгі күні біліп жатырмыз ғой. Оған міндетті түрде шара қолданылады. Тәрбие ісінде осалдық танытқан», – деді білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Әмина Төребаева.



«Негізі бір ай бұрын болған. Осы 3 желтоқсанда кешірім сұрап, шешіп тастағанбыз. Бірақ осы айда қайдан тарағанын білмейміз. Басында негізі ойын болған, ойнап жүрдік. Сол жерде "қадай алмайсың" деген сөзге бола тіресіп тұрдық. Ойыннан от шықты. Таяқ жегенде, дос болған соң, артық кеткен жоқ», – деді зардап шегуші Нұрай.



«Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127-бабы, яғни ата-аналардың өзінің ата-аналық міндетін дұрыс атқармау деген бапқа материалға құжат жиналуда. Екеуі бір-бірімен татуласып, екі жақтың да бір-біріне кінә тақпайтыны, бір-біріне арыз жазбағаны анықталып отыр», – деді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.


Бүгін полиция басқармасында тараптар кездесіп, бұл жайтты тағы талқылады. Аядай ауылдағы қос колледждің шәкірттері тәртібін түземесе, жаза екі есе қатаңдауы мүмкін. Ал әзірге істі әкімшілік сот бақылауда ұстайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04