«Ойыннан от шығады»

«Ойыннан от шығады» видеодан алынды

Мектеп басшылығы балалардың қандай ойын ойнайтынын бақылауға кеңес берді.

Олар мазмұны ата-аналарға көріне бермейтін, мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойындар болуы мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Мәселен, Telegram және TikTok әлеуметтік желілерінен "Бізбен ойна!” деген шақыртулар келуі ықтимал. Мұндай үндеулерді Ozon-да сатылатын 18+ кітаптардан да табуға болады. Бұлардың ең қауіптісі: "Тихий дом", "Разбуди меня в 4:20",  "Море китов", "Синий кит", "Красный дельфин ", "Млечный путь", "U19", "F57", " SchoolBoy RunaWay -Stealth", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мектеп басшылығы балалардың қандай ойын ойнайтынын бақылауға кеңес берді:

Контентті бақылауға алу. Балаңыз ойнайтын ойынды тексеріңіз. Баланың жасына сай келетінін анықтау үшін рейнтингін қарап, шолу жасаңыз;

Ереже орнатыңыз. Балаңызбен қай ойынды ойнауға болмайтынын талқылаңыз. Ойынға шектен тыс берілмеуі үшін уақытпен шектеу қойыңыз;

Сыни ойлауын дамытыңыз. Баланы ойын мазмұнын талдауға үйретіңіз. Ойында көрсетілгеннің бәрі шынайы өмірде болмайтынын және қауіпсіз емес екенін түсіндіріңіз;

Бірге ойнаңыз. Бұл олардың қандай ойын ойнайтынын жақсы түсінуге және қауіптің алдын алуға көмектеседі;

Мінез-құлқына мән беріңіз. Балаңыз ойыннан соң ашушаң әрі тұйық бола бастаса, ойнап жүрген ойындарын ауыстырыңыз;

Ата-ана бақылауын қолданыңыз. Қажетсіз әрі орынсыз ойындар мен контентке телефондағы ата-ана бақылауын орнатыңыз;

Басқа балалардың ата-анасымен талқылаңыз. Олар қандай ойындарды қауіпсіз деп санайды, соны біліңіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:17

16:14

16:11

16:08

16:06

16:02

15:59

15:56

21:34

21:28

18:28

16:40

14:39

14:11

14:04

13:54

13:28

13:12

09:14

17:55

17:12

16:16

16:13

16:11

16:08