AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оюлармен көмкерілген «мәуелі бәйтерек» көз тартады

Оюлармен көмкерілген «мәуелі бәйтерек» көз тартады

Әлеумет 19.03.2024, 09:46 1,294
Оюлармен көмкерілген «мәуелі бәйтерек» көз тартады
almaty-akshamy.kz

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Truffle Bee  брендінен Säule Арт-инсталяциясы: ұлттық оюлар арқылы ұрпақ арасындағы байланысты зерттеу көрмесін ұсынып отыр. 


Säule («сәуле», «жарық») – топтамасы еліміздің бірегей мәдени мұрасының үніне құлақ түріле отырып жасалған. Truffle Bee брендінің алғашқы ұлттық топтамасы – бұл дәстүрімізді визуалды зерттеу, терең тарихы бар ою-өрнектеріміз бүгінгі күн мен өткен, келер шақты байланыстыра, жаңа кейпіне енуінің интерпретациясы. Truffle Bee өз топтамасына айрықша өрнектерді іздестіру барысында ата-бабаларымыздан мұра болып қалған қазақтың дәстүрлі орнаменттерін зерттеген болатын.



Еліміздің дәстүрлі ою-өрнектерін зерттеуде Ерлан Кариннің еңбектеріндегі жеті жүзден астам дәстүрлі кескіндер, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі оюлар, сондай-ақ Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі музейінің тарихи мұрағаттары зерделенді. Осылайша бренд «Qoshqar muiiz» өрнегін таңдады. Қазақ оюларының алғашқы элементі болып есептелетін өрнек, бүгінде Säule топтамасының барлық бұйымдарын – тері плейсмат, костер мен текстиль дастарханды безендіреді. 




Топтаманы таныстыру үшін Ә.Қастеев музейі таңдалған. Музейдегі жәдігердің қандай болуын шешуде бренд «Жеті ата» дәстүріне жүгінді. Қазақ мәдениетінде жеті атасын білу әр адамның бабалар даналығымен тығыз тілдесуіне тең. Бұл біздің өмір салтымызды құру мен рухани дамуымыздың негізі. Бүгін бренд «Жеті ата» дәстүрін ағаштың символикалық тұрғысынан қарастыруда. Тарихқа толы жерімізге тамырын терең жіберген ағаш – бұл бүгінгі күн мен өткен, келер шақтың байланысы. 
Truffle Bee ұсынған Säule көрмесі өнер музейіндегі сәндік-қолданбалы өнер залында 30 наурызға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қастеев #өнер #Мұражай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында жеке секторды газдандыру және экологиялық мәселелер талқыланды

Бүгін 12:27

Жүрегі мейірімге толы, ісі көпке үлгілі ұстаз

Бүгін 12:24

Алматыда «Таза қалаға 15 секунд арнаңыз» флешмобы басталады

Бүгін 11:33

«Жасыл даму» АҚ-мен серіктестік аясында Sparklo фандоматтары арқылы 5 миллионнан астам бөтелке мен банка жиналды

Бүгін 11:25

Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);