AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ойна, ойна, аккордеон!

Ойна, ойна, аккордеон!

Мәдениет 22.02.2023, 07:51 1,362
Ойна, ойна, аккордеон!
Сурет: Қ.Қоныспаев

Алматыда жас баяншылар мен аккордеоншылар байқауы өтеді


Музыкалық сайысқа қатысу үшін Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан, Арқалық, Петропавл, Павлодар, Ақсу, Қостанай қалаларынан 8 бен 19 жас аралығындағы 50-ге жуық жас өтінім берген. Байқауға қатысушылардан өтінім қабылдау 28 ақпанға дейін жалғасады, сондықтан өнер додасында бақ сынаушылар қатары толығуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Конкурсты өткізу идеясын республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, алматылық аккордеоншы Талғат Полатов ұсынған. Музыканттың бастамасына №6 Оқушылар үйінің жетекшісі Зейнеп Аришева қолдау көрсеткен.


Байқауға қатысу тегін. Конкурсанттарды жастарына қарай Junior Accordionist ( 8-11 жас аралығы), Middle Accordionist (11–15 жас аралығы) жәнеYoung Accordionist (16–19 жас аралығы) үш аталымға бөлген. Сондай-ақ, ансамбльдерьге байланысты үш бөлек номинация болады – оларға құрамында баян немесе аккордеон бар дуэттер, триолар, квартеттер және т.б. қатыса алады. Бұл номинациялар да жас санаттары бойынша бөлінген.



«Қазақстанда соңғы кездері баян мен аккордеонды тартуды үйренгісі келетіндер саны азайып барады. Балалар мен олардың ата-аналары тарапынан осы аспапқа деген қызығушылық жойылып барады. Мен мұны 1980-90 жылдармен салыстырып айтып отырмын. Мен оқып жүрген жылдары музыкалық мектептерге түсу үшін  ауқымды  конкурстан өту керек болатын.Қазір бұл аспапқа деген қызығушылық азайды. Балаларды да түсінуге болады, өйткені олар эстрада мен телевизияда өздері көрмей жүрген аспапта ойнағылары келмейді, бұл жалпы Қазақстан бойынша бар мәселе», - дейді Талғат Полатов.



Талғат Полатовтың өзі баян мен аккордеонды барынша насихаттауға тырысып жүр, сол мақсатта La Bohеme театры мен Алматының басқа алаңдарында концерт өткізеді, оны әлеуметтік желі арқылы жарнамалайды. Бірақ, айтуынша оның өнерін тамашалауға келетін көрермендер қатары өте аз.



«20-30 жылдан кейін балалар баян мен аккордеон аспабында ойнап үйренбейді деген үрдіс бар. Сөйте тұра, олар музыкамен мүлдем айналыспайды деуге болмайды. Музыкалық мектептерде фортепиано, домбыра, скрипка, гитара аспаптары кеңінен танымал», - дейді Талғат Полатов.



Алғашқы Accordion Fest 2023 республикалық байқауының 4 наурызда конкурсанттарды тыңдағысы келетіндердің бәрін Сейфуллин даңғылы, 13 (Молдағалиев көшесінің бұрышы) мекенжайындағы №6 Оқушылар үйіне шақырады.


Тыңдау таңғы 10 кезінде басталады, сағат 14.00-де Талғат Полатов шеберлік сыныбын өткізеді. Жеңімпаздар гала-концертте марапатталады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Баян #байқау #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);