ffin.kz

Ойды қағаз бетіне түртіп жүрудің пайдасы қандай?

Ойды қағаз бетіне түртіп жүрудің пайдасы қандай?

Психологтар күйзелістен арылудың бір жолы ойды қағазға жазу екенін айтады


Ноутбуктер, планшеттер мен электронды редакторлар қалам, қарындашты бірте-бірте ысырып, қолданысқа қалай енгенін, ойымызды қағазға түртіп қоюдай қалай ажырап қалғанымызды байқамай қалдық. Қолдан жазғанның шын мәнінде пайдасы барын дәлелдейтін фактілер де бар.



  1. Осы әдіспен ақпаратты жақсырақ есте сақтаймыз


Жазу кезінде ретикулярлы белсенді жүйе деп аталатын мидың ерекше бөлігі іске қосылады. Ол фильтр ретінде қызмет етеді – басқа ақпараттың өңделуін болдырмайды.  Қарындаш немесе қаламмен қағазға жазу арқылы біз назарымызды жақсырақ шоғырландырып, миды жазып отырғанымызға бар зейінмен мұқият қарауға мәжбүр етеміз.


Вашингтон университетінің сихологы Вирджиния Бернингер қалам және пернетақта арасындағы айырмашылықты былай түсіндіреді: «Қаламмен жазуда көбірек қимыл жасайсыз, өйткені әр әріптің өзіндік элементтер жиынтығы бар, ал компьютерде жұмыс монотонды — әр жолы сіз тек пернені басуыңыз керек». Сонымен қатар, каллиграфия сабақтары дислексиямен күресуге көмектеседі.



  1. Біз өзіміздің сөйлеуімізді (сөзімізді) жақсартамыз


Көптеген белгілі тұлғалар (Труман Капоте, Вуди Аллен, Сьюзан Зонтаг) кейбір әріптестері клавиатураға көшсе де, романдары мен пьесаларын қолдан жазуды жөн көрген.


Вашингтон университетінің психологтары мектеп оқушыларының қолдан жазған эссе мәтінінің мазмұны әлдеқайда бай әрі мазмұнды болып, шығармаларын компьютермен терген қатарластарына қарағанда олар әлдеқайда күрделі сөз қолданыстары мен алдарына қойылған міндеттерін тезірек орындағанын анықтаған.




  1. Ойды қағазға қаламмен жазғанда бізге назар шоғырландыру оңайырақ


Компьютермен жұмыс істеу біздің сенсорлық жүйемізге күш түсіреді. Экранның жыпылықтауы, курсордың қозғалысы, кез келген ақпараттың бір рет шертуден оңай табыла кетуі – осының бәрі шығармашлыққа деген қабілетті баса түседі. Ал адамның алдында қағаз бен қалам болған кезде, ми қосымша стимуляция алмайды және өзінің ресурстарын нақты бір мақсаттарға бағыттайды. .



  1. Біз стресстен арыламыз


Адам өзінің басындағы алаңдаушылықтары мен ойларын қағазға түртіп қою әдеті олардың өткірлігін төмендетеді. Экспрессивті психотерапия әдісінің авторы Натали Роджерс күнделік жазуды өзін-өзі көрсетудің және шығармашылық энергияны оятудың маңызды әдісі ретінде қарастырды. Қолмен жиі өзіңізді жеке тұлға ретінде көрсетуді білдіреді. Ол әріптердің пішіні мен көлемінде, қолжазбаның еркін сөйлеуінде, беттегі мәтіннің орналасуында көрінеді.


5. Ми ұзақ уақыт бойы жас болып қалады


Жазу барысында біз мидың ойлаумен, тілмен және жұмыс жадына байланысты әртүрлі аймақтарын қолданамыз. Егер сізге жиі-жиі қолмен жазуыңыз керек болса, ми қосымша жаттығулар алады. Психологтар танымдық қабілеттер мен жазу дағдылары арасындағы байланысқа назар аударды.


Бүгінгі таңда көптеген адамдар компьютерге ауысқан кезде, қолмен жазылған дағдыларды жаттықтыру ақыл-ойдың өткірлігін сақтау үшін пайдалы жаттығу бола алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10