Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Нұркент" шағынауданында теннис корттары ашылады

"Нұркент" шағынауданында теннис корттары ашылады

Әлеумет 19.01.2023, 03:56 1,074
"Нұркент" шағынауданында теннис корттары ашылады
kartinkin.net

Алатау ауданы бойынша «Мектеп автобусы» жобасы аясында осы жылға ең мұқтаж үш мектеп (№196 – 2 автобус, №184 – 2 автобус, №210 – 5 автобус) таңдап алынды, жалпы саны 1153 балаға 9 автобус бөлінді. Автобустарды сатып алуды ескере отырып, олар 2023 жылдың ақпан айында іске қосылады деп күтілуде, деді қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде.


Осы жылдың І тоқсанының соңына дейін Индустриялық аймақтың аумағында кәсіптік-техникалық колледждің, сондай-ақ инновациялық технологиялар колледжінің құрылысын бастаймыз. 720 орынға есептелген әрбір колледждің 380 орындық жатақханасы болады. Бүгінгі таңда олар бойынша мердігер ұйымдарды анықтауға конкурстар өткізілуде. Құрылыс шамамен 2024 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталатын болады.


Биыл балаларға арналған спорттық және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру жалғасады. 2023 жылға Алматы қаласы бойынша 68 мың баланы қамту үшін 16,2 млрд. теңге сомасында бюджет бекітілді, оның ішінде Алатау ауданы үшін – 2,35 млрд. теңге.



Балаларды қосымша оқытумен қамту көлемін одан әрі арттыру үшін 2022 жылдың ақпанынан бастап көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталығының (Оқушылар сарайы) құрылысы басталды. Оған аптасына 5 мыңнан астам бала баратын болады. Оның құрылысы 2023 жылдың II тоқсанына дейін аяқталады.



Сондай-ақ, "Зерделі" шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және "Нұркент" шағынауданында теннис корттарының құрылысы жүріп жатыр. Бұл спорт кешендері 2023 жылдың желтоқсан айында дайын болады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #теннис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында көктемгі көріктендіру жұмыстары қарқын алды

Бүгін 10:30

Алматыда жол қозғалысын цифрлық басқару жобалары пайда болуы мүмкін

Бүгін 10:06

Қазақстанда қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды?

Бүгін 09:47

Алматыда қанттың бір келісі 445,5 теңгеге дейінгі бағамен сатылып жатыр

Бүгін 09:28

Трамп Иранға жасалатын бомбалау мен шабуылдарды екі аптаға тоқтататынын мәлімдеді

Бүгін 09:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика