AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нұран Оразалин: Жастар бесікте жатқан баласын, үйд...

Нұран Оразалин: Жастар бесікте жатқан баласын, үйдегі қазыналы қариясын ойлауы керек

Әлеумет 05.01.2022, 04:44 1,091
Нұран Оразалин: Жастар бесікте жатқан баласын, үйдегі қазыналы қариясын ойлауы керек
www.inform.kz

Әлеуметтік проблеманы, тұрмыстық жағдайды қазақ халқы біртұтас болып жеңуі керек. Мұндай пікірді ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин білдірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ақынның айтуынша, қазір көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын, қатерлі бір құбылыс бар. Оның қайдан келіп, кімнің айтып жатқаны белгісіз.



«Біз өте күрделі, қиын кезеңде өмір сүріп жатқан ұрпақпыз. Егер біз кішкентай қате жіберетін болсақ, ол ертеңгі ұрпақтың алдынан үлкен жағдай болып шығады. Ұлт болшағына қауіпті болмақ. Қазір көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын, қатерлі бір құбылыс бар. Оның қайдан келіп, кімнің айтып жатқаны белгісіз. Демократиялық құндылықты ұстай алсақ жақсы, егер ұстай алмасақ ол біздің бірінші жауымызға айналады»,- дейді ол.



Нұрлан Оразалин әлеуметтік проблеманың бар екенін айтты.



«Әрине, әлеуметтік қиындық, тұрмыстық проблема бар. Ол қиындықты Қазақ мемлекеті өзі біртұтас болып жеңу керек. Оны бізге сырттан келіп ешкім реттеп бермейді. Әр ұлт өз мәселесін өзі шешеді. Әлеуметтік проблема демократиялық жолмен, диалогпен шешілген еді. Алайда, алаштың бас қаласы Алматыда жүгенсіздік, тәртіпсіздік орын алды. Бұл ұлтты азғыру деп есептеймін. Мен бүгінгі жастарға айтарым бәрі ақылмен, парасаттылықпен шешілуі керек. Ата- бабамыз аманаттап кеткен берекені сақтауымыз қажет»,-деді Нұрлан Оразалин.



Зиялы қауым өкілі, жастарды сабырлыққа шақырды.



«Жастар бесікте жатқан баласын, үйдегі қазыналы қариясын ойлауы керек, халқының бүтіндігін, елінің тыныштығын, ұлт болшағын, мемлекеттің ертеңін ойлауы тиіс. Мұндай жолмен ешқандай мәселе шешілмейді. Мен жастарды сабырлыққа шақырамын»,- деді ол.



Сонымен қатар, ол билік мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысып жатқанын тілге тиек етті.



«Билік мәселені шешу үшін барлық жағдайды қарап, шешуге тырысып жатыр. Мемлекет басшысы халықты берекеге, ақылға шақырды. Президент үндеуіне құлақ асуымыз керек»,- деді Нұрлан Оразалин.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жастар #Оразалин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);