AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту аге...

Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды

Өмір-өзен 17.06.2021, 11:19 2,168
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
Сурет: Gov.kz

Нұр-Сұлтанда Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды


Елордада Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы биржа комитетінің Ахуалдық орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып.


 Ахуалдық орталық биржалық сауда-саттық барысын онлайн режимде қадағалау, биржалық және биржадан тыс баға белгіленімдеріне мониторинг жүргізу және биржалық саудаға монополияға қарсы талаптарды сақтау үшін құрылды. Ахуалдық орталықтың ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр қатысты. Ол бірқатар тауарлардың сауда-саттығын іске қосу бойынша биржалық комитеттің атқарған жұмысының тиімділігін атап өтіп, қысқа мерзімде сауда тетіктерін одан әрі жетілдіру, нарыққа қатысушыларды тарту және оқыту мәселелерін шешу міндетін қойды. Ахуалдық орталықтың ашылуына сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, отандық және халықаралық тауар биржаларының өкілдері қатысты. Тұсаукесер барысында Қазақстанның ірі тауар биржаларының басшылары жанармай, битум, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің шағын партиялары саудасының нәтижелерін ұсынды, оларды сату биржалық платформалар арқылы алғаш рет 2021 жылы басталды. Осылайша, коммуналдық-тұрмыстық көмірді тауар биржалары арқылы сату тетігі делдалдардың санын қысқартуға мүмкіндік берді және өңірлік операторлардың көмірді разрездердің өзінен сатып алуға тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етті, бұл халық үшін отынның осы түрінің түпкілікті құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Алғашқы сауда-саттық нәтижелері бойынша тауар биржалары арқылы 51 млн теңгеден астам сомаға «Қаражыра» АҚ өндірген 9 100 тонна (80%) көмір сатылды, оған 8 өңірлік тұйықтардың сатып алушылары қатысты. «Шұбаркөл Көмір» АҚ кенішінен 703 млн теңгеден астам сомаға 89 080 тонна (60%) сатылды, саудаға 15 өңірлік тұйықтардың сатып алушылары қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аптека #интернет-приложение #лекарство #рецепты #Қазақстан #ситуация #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);