Новак Джокович Қазақстанға ұшып келді

Новак Джокович Қазақстанға ұшып келді Сурет: Ашық дереккөзі

Сербиялық теннисші бүгін басталған Astana Open ATP 500 жарысына қатысады


Атақты теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы Новак Джокович елордаға ұшып келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Сербиялық теннисші бүгін басталған Astana Open ATP 500 жарысына қатысады.


Н.Джокович елордаға жақсы көңіл-күймен жетті. Айта кетсек, ол жексенбі күні мәреге жеткен Тель-Авив ATP 250 додасының финалында хорватиялық Марин Чиличті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған еді.


Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингіде жетінші орында тұрған Н.Джокович Астана жарысының төртінші ракеткасы болып тіркелген. Новак ертең бастапқы кездесуін рейтингіде 81-сатыдағы чилилік Кристиан Гаринмен өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10