Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауында айтты.
«Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді. Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады. Осындай аса қажетті, сапалы нысандардың құрылысын жедел түрде бастап, көп ұзамай іске қосуымыз керек», - деді ол.