ffin.kz

Нидерланды сарапшылары Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады

Нидерланды сарапшылары Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады Сурет: Gov.kz

Нидерландының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерс Су ресурстары және ирригация министрлігінің су тасқыны салдарын жою іс-шараларына қатысты пікір білдірді.

Елші су тасқынын болжау және су тасқынының алдын алу мәселесінде Қазақстан мен Нидерландының ынтымақтастығына жеке тоқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

«Нидерланд сарапшыларының айтуынша, министрлік биыл үлкен жұмыс атқарды. Көптеген есептеулерді қолмен жасау керек болса да, нәтижелері өте дәл келді. Менің ойымша, біздің елдеріміз бірлесіп шешуі керек басты мәселе - үлкен аумақтарда есептеулер жүргізу. Климаттың өзгеруіне байланысты біз жаңа сын-қатерлерге тап болдық. Осы міндеттерді шешу үшін Нидерланды тарапы министрлікпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Су ресурстары және ирригация министрлігі өте үлкен жұмыс істеп жатыр деп санаймын. Қазақстанда көптеген донорлық ұйымдар жұмыс істейді. Сол себепті Үйлестіру кеңесін құру министрліктің халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру мен үйлестіруді байыпты қабылдағанын көрсетеді. Бұл өте маңызды»,– деді Нико Схермерс.

Айта кетейік, осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт су білім беру институты (IHE Delft) арасындағы меморандум аясында нидерландылық сарапшылар Астанада су тасқыны тәуекелдерін басқару бойынша екі мәрте семинар өткізген болатын.

Еске салсақ, Қазақстанның су секторын дамыту жөніндегі әріптестердің Үйлестіру кеңесінің құрамына БҰҰ, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ шетелдік даму агенттіктерінің, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдері кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:48

12:46

12:42

12:39

12:24

12:21

12:01

11:45

11:34

11:15

10:59

10:36

09:34

09:33

09:13

08:49

08:33

08:15

20:25

19:56

19:43

19:29

19:10

18:45

18:38