AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Назарбаевтарды қорғайтын заңның күші жойылды

Назарбаевтарды қорғайтын заңның күші жойылды

Өмір-өзен 13.01.2023, 05:16 1,532
Назарбаевтарды қорғайтын заңның күші жойылды
Сурет: 24.kz

Парламент осындай заң қабылдады.


Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасын екі оқылымда қарап, қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров былтыр бүкілхалықтық референдум нәтижесінде елімізде жаңа Конституция қабылданғанын еске салды. Жаңа Конституцияны жақтап Қазақстан халқының 77%-ы дауыс берді.


Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды.



«Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде, жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеу маңызды. Сондықтан Мәжілістің бір топ депутаты халықтың басым көпшілігінің сұранысын ескере отырып, аталған заң жобасын ұсынды», - деп түсіндірді Сайыров Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында.



«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы Елбасы туралы заңның күшін жою мәселесіне қатысты Конституциялық сотқа жүгінген. Конституциялық сот бұл заңның еліміздің жаңа Ата заңына сәйкес келмейтіндігі жөнінде шешім шығарды.



«Қазақстанның қоғамдық процесінде саяси институттарға монополия құру әрекеттері, өмір көрсеткендей, елде саяси құндылықтарды девальвациялап, мемлекет дамуына кері әсер тигізуге қабілетті. Сондықтан мұндай олқылықтарға болашақта қоғамдық-саяси иммунитет қалыптастыру өте маңызды! Жоғарыда айтылғанды басшылыққа алып, саяси-құқықтық негіз жоқ екенін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы статусы» жөніндегі Конституциялық заңның күшін жою жөніндегі Конституциялық заң жобасы ұсынылады», - деді депутат.



Оның айтуынша, бұл қадам елімізде Ата заңымыздың нормаларын қатаң сақтауға, саяси институттарды бөтен протекциялық күштерден сақтандыруға бағытталған саяси-құқықтық акт.


Конституциялық заңның қабылдануы теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді, бюджеттен қосымша қаржы талап етпейді.


Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңды қабылдады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#назарбаевтар #заң #қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);