ffin.kz

Наурызбай ауданындағы нақты жұмыстар

Наурызбай ауданындағы нақты жұмыстар Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласында біршама игілікті істер жүзеге асырылып келеді. Сөзімізге бүгінгі Наурызбай ауданында жүзеге асырылған жұмыстар дәлел, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Болашақ баладан бастау алады



Жыл соңына дейін Шұғыла шағын ауданында 320 орындық мемлекеттік балабақша пайдалануға беріледі. Ол жыл басынан бері мектепке дейінгі орындардың тапшылығын төмендету мақсатында ауданда 475 орындық 9 жекеменшік балабақша ашылды. Ал жыл соңына дейін 50 орындық тағы 1 балабақша ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар, қазан айында Құрамыс және Шұғыла шағын аудандарында 640 орындық тағы 2 балабақша салу жоспарланып, қаражат бөлінген. Әрі Қалқаман және Шұғыла шағын аудандарында тағы 560 орындық 2 балабақшаны жобалау басталды. 2024 жылдың сәуір айында сараптама қорытындысын алғаннан кейін 2024 жылдың III-ші тоқсанында құрылыс жұмыстары басталады.


Білімі мықтының білігі мықты



2024 жылдың I тоқсанында «Әлем Сити» ТҮК аумағында 1200 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Бұған қоса, конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін осы жылдың қазан айында Шұғыла шағын ауданындағы №174 мектепке 375 оқушы орындық қосымша құрылыс салу басталады. Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 7 900 орындық 5 жаңа мектепті жобалау және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әрі «Мектеп автобусы» жобасы аясында Наурызбай ауданының 2 аса мұқтаж мектебіне (№186 – 3 автобус, №200 – 2 автобус) 2000 оқушыны қамтитын 5 автобус бөлінеді. Автобустар 1 қыркүйекке дейін жеткізілмек.


Жолаушыға жайлы жол керек


Наурызбай ауданының барлық шағын аудандарында жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 70 көшеде 30 мың шаршы метр жол жөнделді. Жыл соңына дейін 130 көшені қамтитын тағы 25 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарлануда. Сонымен қатар, қалалық  мобилділік  басқармасы шілде айында Ақжар  және Шұғыла шағын ауданында 10 көше бойынша 6,5 шақырым жол салуды бастады. 10 көшеде 6,9 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін ұзындығы 7 км болатын тағы 6 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Дені саудың жаны сау


Наурызбай ауданында 500 адам келетін 2 жаңа емхана және 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Құрамыс шағын ауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін құрылысты 2024 жылдың сәуір айында бастау жоспарланып отыр. Шұғыла шағын ауданындағы екінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. 2024 жылғы наурызда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық рәсімдер өткеннен кейін құрылысты 2024 жылғы маусымда басталмақ. Осы жылғы шілде айының басында Ақжар шағын ауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу қолға алынды.


Қоғамдық көлік бағыттары күшейтілді



Наурызбай ауданының тұрғындарына ыңғайлы болу үшін 3 маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылып, күшейтілді, деп мәлімдеді әкім Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде. Мәселен, №15, 47, 119 маршруттарда автобустар саны 52-ден 57-ге дейін өсті. Бұған қоса, желтоқсан айына дейін Наурызбай ауданына қызмет көрсететін 3 маршрут: №50 (10-нан 20-ға дейін), 118 (23-тен 25-ке дейін), 212 (14-тен 22-ге дейін) жиі жүріп, жаңартылады.


Көше ұзарса, кептеліс болмас


Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін (600 метр) ұзарту аясында бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуде. Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алады деген үміт басым. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деген сенімдеміз.  Ал 700 метр ұзартылатын Төле би көшесінің жұмыстары осы жылдың 20 қарашасына дейін аяқталмақ.  Сонымен қатар, Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту аясында бүгінгі таңда мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Ескерерлік мәселе жұмыстар жер учаскелерін сатып алуға байланысты жүргізілетін болады. Негізінен, ұзарту жұмыстарын 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.


Тіл білгеннің мәртебесі биік



24 тамыз Алматының барлық 8 ауданында шет тілдерін тегін оқыту бойынша «Тілдер саябағы» жұмысын бастайды. Сабақтар Алматы қаласының әкімдігімен, аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырылды. 2023 жылы «Тілдер саябағы» жобасы аясында қаланың 5000-нан астам тұрғыны 15-тен астам шет тілін таңдай отырып, әртүрлі жерлерде оқыту жоспарланған


Тұрғындар талабы – «Жайлы қала»



«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыруға барлығы  2,7 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда Наурызбай ауданы тұрғындарының талабына сай өзен жағалаулары мен саябақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда 25 жоба аяқталып, бағдарламаның бірінші кезеңінің 21 жобасы іске асырылуда, оған 1,8 млрд теңге бөлінді. Қараша айына дейін аудандағы 3 жерасты жаяу жүргінші өткелі ағымдағы жөндеуден өтіп, жарықтандыру аспаптары толық боялып, жөнделеді. Сондай-ақ Алматы қаласының батыс бөлігінде жалпы ұзындығы 30 км болатын 34 көшеде арық желісі мен нөсер канализациясын салу және реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде ұзындығы 7 км болатын 6 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі -  2024 жылдың соңы. Осы жылдың қыркүйек айында Қарғалы өзенінің жағалауын көріктендіре отырып абаттандыру, сыртқы жарықтандыру желілерін, балалар спорт алаңдарын орнату және бөгеттен Жандосов көшесіне дейін ұзындығы 7,7 км болатын қоғамдық кеңістікті жайластыру жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Жоба әзірленіп, қаражат бөлінді (746 млн. теңге). 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:45

18:15

17:59

17:55

17:48

17:38

17:20

17:10

16:45

16:42

16:42

16:36

16:17

16:09

15:38

15:02

15:00

14:53

14:34

14:22

14:02

13:45

13:40

13:37

13:29