Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданы тұрғындарының 95%-ға жуығы COVID-...

Наурызбай ауданы тұрғындарының 95%-ға жуығы COVID-19-ға қарсы екпе алды

Әлеумет 03.08.2021, 09:47 1,359
Наурызбай ауданы тұрғындарының 95%-ға жуығы COVID-19-ға қарсы екпе алды
almaty-akshamy.kz

Жаппай вакцина барысы туралы ақпаратты Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, ауданда 20 стационарлық және 5 жылжымалы екпе пункттері бар. Мектептерде, базарларда және халыққа қызмет көрсету орталығында резервте 4 егу пункті бар.


Санжар Тоғай қала тұрғындарын тезірек екпе алуға шақырды. Ол мегаполис тұрғындарынан өзінің және жақындарының денсаулықтарын сақтауға, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық ұсыныстарын барынша жауапкершілікпен орындауға шақырды.


Аудан әкімі тек вакциналанудың ғана  пандемияны тоқтататынын атап өтті. 



«Мен барлығын тез арада екпе алуға шақырамын. Тек вакцина сізге және сіздің отбасыңызға реанимацияға жатудан, аурудан кейін оңалтудан өтуден, антибиотиктер мен басқа дәрі-дәрмектерді қабылдаудан құтылуға мүмкіндік береді», - деді Санжар Тоғай.



Вакциналанудың ең жоғары көрсеткіштерінің бірі Наурызбай ауданында. Ауданда барлығы 53 418 адам екпе алушылар санатында, ал қазірдің өзінде 50 607 адам екпе алды, бұл 94,7%-ды құрайды.


Бүгінде 6 мекенжай бойынша (№7 қалалық аурухана, №№26, 27, 36 қалалық емханалар, Таусамалы базары мен Қарғалы дәрігерлік амбулаториясы) 10 пунктте 20 стационарлық және 5 жылжымалы бригада жұмыс істейді.


Еске салсақ, Алматыда эпидемиологиялық ахуал одан сайын ушығып барады. Қалада коронавирус жұқтырғандардың күнделікті тіркеу 1500 жағдайдан асты.


2021 жылдың 1 ақпанынан 1 тамызына дейінгі кезеңде барлығы 725 575 адам вакцинаның 1-ші компонентін алды. Өткен тәулікте 4 971 адамға екпе жасалды. 60 жастан асқан вакциналанғандардың жалпы саны 99 587 адам.


Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-ларында 167 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмыс жұмылдырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай #вакцина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика