AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданы тазалықты жолға қойған

Наурызбай ауданы тазалықты жолға қойған

Әлеумет 18.11.2024, 13:35 846 dulatbekova
Наурызбай ауданы тазалықты жолға қойған
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл бойы өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматының Наурызбай ауданында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Жасыл аула» бастамасы аясында «Alem City 3» тұрғын үй кешенінде 400 компенсациялық ағаш отырғызылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл шара аудан аумағын көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және жайлы әрі жасыл қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.  Сонымен қатар, «Шұғыла» тұрғын үй кешенінде сенбілік ұйымдастырылып, оның аясында шөп шабу, қоқыс жинау, тротуарлар мен жолдарды сыпырып, жуу, сондай-ақ құрылыс жұмыстарынан кейін қалған тастарды шығару жұмыстары атқарылды.

Сондай-ақ, Наурызбай ауданы «Тазалықты барлығы бақылайды» челленджін Түрксіб ауданы кәсіпкерлерінен қабылдап, аудан аумағында сенбілік ұйымдастырды. Аудан аумағын тазалау бойынша нәтижелі жұмыстан кейін эстафета Бостандық ауданына жолданды. Ал өткен күндері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Жарқын күз» экоакциясы аясында «Ақжар» шағынауданында жергілікті сенбілік өтті. Оған барлығы 12 жұмысшы мен 3 арнайы техника жұмылдырылды.

Жаз кезінде «Алматы – бәріміздің ортақ үйіміз» экологиялық науқаны аясында Наурызбай ауданында жиі сенбіліктер өткен болатын. Шілде айында өткен ауқымды сенбіліктердің біріне 170 адам қатысып, Сақ қорғандары саябағын қоса алғанда, 4 гектар аумаққа 200 ағаш отырғызылды. Барлығы аудан бойынша бүгінге дейін 5000 ағаш отырғызылса, оның 4000-ы өтемдік, ал 1000-ы бастамашылдық негізде болды.

Сонымен қатар, «Барлық» базарының алдында бұрын бос жатқан аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіле бастады. «Мұнда бей-берекет сауданың алдын алу үшін қоршаулар орнатылып, ағаштар мен бұталар отырғызылады, және автоматтандырылған суару жүйесі орнатылады», – деп жазды әлеуметтік желіде Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева.

Айта кеткен жөн,  Наурызбай ауданында қоқыс алаңдары мен жәшіктерді жуу және залалсыздандыру жұмыстары апта сайын жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар санитарлық жағдайды жақсартуға және қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға бағытталған. Бекітілген кесте бойынша қоқыс алаңдары аптасына бір рет жуылады. Алайда, жаздыгүні тазалау жиілігі 2-3 ретке дейін артты. Мұндай шаралар жағымсыз иіс пен ластанудың алдын алуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта аудан әкімдігі қыс кезіндегі тазалыққа да дайын екенін хабарлады. Әкімдік мәліметінше, аудан аумағын қардан тазалау жұмыстарына үш мердігер ұйым жауапты. Қажетті материалдар, соның ішінде 8000 тонна құм мен тұз, арнайы техникалар алынған. Ал өткен күндері қарлы ауа-райы кезінде тазалау жұмыстарына 38 бірлік арнайы техника және 36 жол жұмысшысы жұмылдырылып, 137 тонна қоспа және 32 тонна тұз пайдаланылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #экологиялық акция #Наурызбай ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);