AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Наурыз – жаңару мен бірліктің жарқын көрінісі: АМБ...

Наурыз – жаңару мен бірліктің жарқын көрінісі: АМБК-дағы мерекелік үш күн

Қала тынысы Бүгін 16:30 66
Наурыз – жаңару мен бірліктің жарқын көрінісі: АМБК-дағы мерекелік үш күн
АМБК қорынан

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Колледждің менеджмент және маркетинг бөлімі, тамақтандыру индустриясы бөлімі және экономика және есептеу техникасы бөлімі үш күн қатарынан ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды іс-шаралар ұйымдастырып, студенттерге ұмытылмас әсер сыйлады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мерекелік шаралар барысында колледж ұжымы мен білім алушылары қазақ халқының бай дәстүрін, мәдениетін және рухани құндылықтарын кеңінен насихаттады. Студенттер ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерді сахналық қойылымдар арқылы көрсетіп, ұлттық ойындар ұйымдастырды. Үш бөлімнің студенттері дайындаған ұлттық тағамдар көрмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Наурыз – тек көктем мерекесі ғана емес, ол – татулық пен бірліктің, ізгілік пен жаңарудың символы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Наурыз – халқымыздың береке-бірлігін нығайтатын, ырыс пен ынтымақты арттыратын ерекше мейрам» деп атап өткен болатын. Бұл мерекенің мәні колледж қабырғасында да айқын сезілді.

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Асхат Берікбайұлы мерекенің маңыздылығына тоқталып, былай деді:

«Наурыз – біздің рухани тамырымызды жаңғыртатын ерекше мейрам. Білім беру ордасы ретінде біз тек кәсіби маман даярлап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға қалыптастыруды басты міндет санаймыз. Осындай іс-шаралар студенттердің бірлігін нығайтып, олардың мәдени танымын кеңейтеді».

Биыл елімізде кеңінен аталып өтіп жатқан Наурызнама онкүндігі аясында әр күннің өзіндік мазмұны мен тәрбиелік мәні болды. Колледжде де осы бастамаға сәйкес қайырымдылық шаралар, ұлттық ойындар күні, мәдениет пен өнер күні, дәстүр күні секілді тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Бұл студенттердің ұлттық сана-сезімін арттырып, қоғамға деген жауапкершілігін күшейтті.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Маратқызы да мерекенің тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды:

«Наурыз – тәрбие жұмысының ең маңызды бағыттарының бірімен тығыз байланысты мереке. Бұл күндері біз студенттерге тек дәстүрді көрсетіп қана қоймай, оның мәнін түсіндіруге тырысамыз. Үш күн бойы өткен іс-шаралар жастардың белсенділігін, ұйымшылдығын және шығармашылық қабілетін айқын көрсетті».

Әр бөлім өз ерекшелігімен көзге түсті. Менеджмент және маркетинг бөлімі мерекені заманауи форматта ұйымдастырып, ұлттық құндылықтарды жаңа қырынан таныстырса, экономика және есептеу техникасы бөлімі интеллектуалдық ойындар мен танымдық викториналар өткізді. Ал тамақтандыру индустриясы бөлімі ұлттық тағамдардың көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде өткен Наурыз мерекесі – бірлік пен достықтың, ұлттық рух пен заманауи көзқарастың үйлескен жарқын үлгісі болды. Үш күнге созылған мереке колледж өмірінде ерекше із қалдырып, студенттерге рухани серпіліс сыйлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында ұлттық спорт күні өтті

Бүгін 18:05

KASE-де доллар бағамы 482,33 теңгеге дейін өсті

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика