AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласы туристерд...

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласы туристерді ұлттық тағамдар мен кәде-сыйларымен қарсы алады

Әлеумет 20.03.2025, 17:31 773
Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласы туристерді ұлттық тағамдар мен кәде-сыйларымен қарсы алады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай ерекше «Тәтті кәде-сый сыйлыққа» акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл шара Алматы қаласының Туризм басқармасының, Алматы халықаралық әуежайының, Алматы шекаралық бақылау қызметі мен «Жетісу» кеден бекетінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда. Акцияның негізгі мақсаты — қалаға келген шетелдік туристерге мерекелік көңіл-күй сыйлау және қазақ халқының қонақжайлығын көрсету. Осы шара аясында Алматыға келген шамамен 10 мыңға жуық шетелдік жолаушыға сый-құрмет көрсетіледі.

Наурыз — Қазақстанның ең маңызды әрі қадірлі мерекелерінің бірі. Бұл мейрам жаңару мен бірліктің символы болып табылады. Акция барысында әрбір турист, Алматыға келіп қонғаннан кейін, халықаралық жолаушылар терминалындағы паспорттық бақылау мен кедендік тексеру аймақтарында ұлттық ою-өрнектермен безендірілген және көктемнің символдарымен нақышталған тәтті кәде-сый — ұлттық тәттілерін алады. Бұл іс-шара Қазақстанның бай мәдени мұрасын таныстыруға және Алматыға келген қонақтарда осы қала туралы жылы әрі жағымды естеліктер қалдыруға бағытталған.

Әуежайда сондай-ақ арнайы фотозона ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы баннерлермен безендіріледі. Жолаушыларға қазақтың дәстүрлі киімдеріне (шапан) киініп, естелік суретке түсу мүмкіндігі беріледі. Әркім ұлттық киімде өзін қазақ халқының қонақжайлық дәстүрінің бір бөлшегі ретінде сезініп, ұмытылмас естеліктермен қалаға қошемет білдіреді.

Алматы — шетелдік туристер үшін Қазақстанның ең танымал қалаларының бірі. Қала елдің халықаралық туризм ағынының 52,3%-ын қабылдай отырып, өз тарихы, мәдениеті мен табиғатымен әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар үшін тартымды орталық болып қала береді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наурыз #туристер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);