AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосы...

«Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Әлеумет 23.01.2025, 15:55 1,625
«Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Сурет: Gov.kz

Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялау аясында техникалық мамандарды қолдауға арналған жаңа шараларды жүзеге асыруда. Осыған орай, Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама арқылы еліміздегі жұмысшы мамандық иелерінің баспана мәселесі шешімін табатын болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы өндіріс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған. Бұл бастама ауыр және жауапты еңбектің қоғам үшін маңыздылығын ескере отырып қабылданған.

  • Несие көлемі: биыл 72 млрд теңге көлемінде қаражат бөлініп, 2 440 несие беріледі.
  • Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 17 наурызы.
  • Сыйақы мөлшерлемесі:
    • Әлеуметтік осал топтар үшін – 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін).
    • Басқа санаттар үшін – 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін).
  • Бастапқы жарна:
    • Таза әрлеудегі жаңа тұрғын үй үшін – 10%.
    • Әрленбеген жаңа үй немесе қайталама нарықтағы үй үшін – 20%.
  • Несиенің ең жоғары сомасы:
    • Облыстар үшін – 30 млн теңге.
    • Астана мен Алматы қалалары үшін – 36 млн теңге.

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар, Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен бірлесіп «корпоративтік» өнімді іске қосады. Бұл механизм арқылы кәсіпорындар өз қызметкерлеріне несие беру үшін арнайы қаражат бөледі.

«Отбасы банкі» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жұмысшы мамандардың ел үшін маңыздылығын атап өтті:

«Металлургтер, кеншілер, электриктер, тас қалаушылар және басқа да ауыр жұмыс атқаратын мамандар біздің негізгі қажеттіліктерімізді қамтамасыз етіп отыр. Олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыру үшін жасалған маңызды қадам».

«Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы арқылы жұмысшы мамандық иелеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, олардың өмір сапасын арттыруға жағдай жасалады. Бұл бастама елдегі әлеуметтік әділеттілікті нығайтып, еңбек адамдарының беделін көтеруге үлкен үлес қосады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Наурыз жұмыскер #тұрғын үй #Отбасы банк #Ләззат Ибрагимова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);