AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ ха...

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Алматы 20.03.2026, 20:32 278 Дина
Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз қарсаңында Алматы қаласындағы Кардиология орталығында мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара өтті. Бұл басқосу қоғам қайраткерлерін, Ассамблея өкілдерін, медицина қызметкерлерін және қала қонақтарын бір арнаға тоғыстырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның салтанатты ашылуын Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б. М. Оспанов жүргізді. Ол өз сөзінде ұлттық құндылықтарды сақтау, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту – ел дамуының басты негізі екенін атап өтті.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Р. К. Қалиоллаев және «Ауған орталығы “Ариана”» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Д. Мохаммад құттықтау сөз сөйлеп, халықтар арасындағы бірлік пен өзара құрметтің маңызын ерекше жеткізді.



Іс-шараға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары мен Мәжіліс депутаты да қатысып, медицина саласының қызметкерлеріне жүрекжарды лебіздерін білдірді. Олар адам өмірі мен денсаулығын сақтаудағы дәрігерлердің еңбегі ерекше құрметке лайық екенін атап өтті.

Кездесу барысында дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Бұл – олардың кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегіне көрсетілген шынайы құрметтің белгісі.

Наурыз – жаңару мен ізгіліктің, бірлік пен мейірімнің мерекесі. Осындай тағылымды іс-шаралар қоғамдағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыра түсетіні сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);