Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Нариман Табынбаев Денсаулық сақтау басқармасының б...

Нариман Табынбаев Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды

Медицина 20.06.2022, 12:20 1,612
Нариман Табынбаев Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды
сурет: Almaty-akshamy.kz

Нариман Табынбаев орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері лауазымына ауысуына байланысты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Н.Табынбаев 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды.


Анықтама:
Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда туған. Алматы Мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академияны тәмамдаған. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.


Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының Орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.


1988 жылдан 1994 жыл аралығында эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы облыстық аурухананың бас дәрігерінің диагностикалық орталығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген.


1994 жылдан 1997 жыл аралығында Алматы облысының Орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болды.


1997 жылдан 2002 жыл аралығында Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.


2008 жылдан 2014 жыл аралығында Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды


2014-2015 жылдар аралығында Астана қаласындағы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.


2015 жылдан 2018 жыл аралығында Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болып жұмыс істеді.


2019 жылдан 2020 жыл аралығында Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, АҚШ), University of Minnesota (Minneapolis, АҚШ) тағылымдамадан өтті.


2018-2020  жылдар аралығында  қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарды


2020-2022 жылдар аралығында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #табынбаев #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика