Найзағай, бұршақ, дауыл...

Найзағай, бұршақ, дауыл... Cурет: Курганинские-известия.рф

Еліміздің басым бөлігіне ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Синоптиктер 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 04 шілде күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупісақталады.

Атырау облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қаупісақталады. Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупісақталады. Павлодар қ.: 04 шілде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупісақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупісақталады. Семей қ.: 04 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 04 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүтіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 04 шілдеде найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупісақталады. Жезқазған қ.: 04 шілдеде төтенше өрт қаупісақталады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 04 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 34-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупікүтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 04 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, тәулік бойы 05 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. 04-05 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, 04 шілдеде облыстың таулы аудандарында, 05 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:02

17:16

17:11

16:56

15:49

15:29

15:00

13:56

13:41

13:37

13:11

11:20

11:04

10:42

09:58

09:35

09:05

08:47

08:03

17:03

16:05

15:10

14:07

13:17

12:39