AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Мұқағали» көркем фильмі 25-ші Таллин кинофестивал...

«Мұқағали» көркем фильмі 25-ші Таллин кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына енгізілді

Не? Қайда? Қашан? 22.10.2021, 08:05 1,389
«Мұқағали» көркем фильмі 25-ші Таллин кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына енгізілді
Сурет: 24.kz

«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді


Аты аңызға айналған қазақ ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайтын «Мұқағали» көркем фильмі 2021 жылғы 12-28 қарашада Эстонияда өтетін мерейлі 25-ші Таллин кинофестивалінің «Күңгірт түндер» (PÖFF) негізгі конкурстық бағдарламасына енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев түсірілім тобының қатысуымен Алматыда өткен фильмнің тұсаукесері кезінде мәлімдеді. Киностудияның баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға Мұқағали Мақатаевтың ұлы мен келіні – Жұлдыз және Бақыткүл Мақатаевтар да қатысты, олар шығармашылық ұжымның атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, ақынның 90 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық медальдарды табыс етті.


«А» санатындағы «Күңгірт түндер» кинофестивалі 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – Балтық жағалауындағы ең үлкен фестиваль және Шығыс Еуропадағы ең ірі кино көрсетілімдердің бірі. Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл PÖFF-тің негізгі конкурстық бағдарламасына барлығы 19 фильм енгізілген. Олардың арасында қазірдің өзінде марапатталған фильмдер мен көптеген дүниежүзілік және халықаралық премьералар бар.



«Біз фестивальдің 25 жылдық мерейтойына таңдалған фильмдерді мақтан тұтамыз, олар таң қалдырады әрі өзіңе жаңа нәрсені ашуға мүмкіндік береді және жүректің түбіне дейін бойлайды», – деді PÖFF директоры Тийна Локк.



Айта кетерлігі, фестивальдің басты байқауында қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Ұжымдық иммунитет» фильмі де бас жүлдеге таласады. Сонымен қатар, «Жастар фильмі» байқау бағдарламасында режиссер Фархат Шәріповтің «18 килогерц» фильмі бар.


21 қазанда «Мұқағали» фильмі жалпыұлттық прокатқа шықты. Аталған фильмді еліміздің барлық кинотеатрларынан көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көркем фильм #Кинофестиваль #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);