ffin.kz

Мүгедектігі бар 534 мыңнан аса адам жәрдемақы алады

Мүгедектігі бар 534 мыңнан аса адам жәрдемақы алады Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстанда қазанның екінші жексенбісі Мүгедектігі бар адамдар күні аталып өтеді


Елімізде ерекше қажеттілігі бар 705 мыңнан астам азаматтың 534 мыңнан астамы әлеуметтік жәрдемақы алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүгінгі таңда елімізде тұратын мүгедектігі бар 705 мың адамның: 
- 421,5 мыңы еңбекке қабілетті жаста (59,8%);
- 181,9 мыңы зейнеткерлік жаста (25,8%); 
- 101,6 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (14,4%).


2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 534,6 мың адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) алады. Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша МӘЖ төлеуге 254,5 млрд теңге бағытталған. 


Айта кетейік, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. 2022 жылдың 1 қазанында мүгедектігі бойынша МӘЖ-дің орташа мөлшері 53 802 теңгені құрады.


Осы жылы қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң 76 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейтіні ерекше маңызға ие.


Құжатта көзделеді:
- денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсету құқығын айқындау;
- мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне санаторийде болу құнын санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың 70% мөлшерінде өтеу түріндегі өзгеріс;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды ашу жөніндегі нормативтерді 60 мыңнан 50 мың балаға дейін төмендету;
- "абилитация" ұғымын енгізу (мүгедектігі бар адамдардың тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби қызметке қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені);
- құқықтық және техникалық сипаттағы нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде жеке нотариустардың қызметтеріне ақы төлеуден босатылған адамдар санатына үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды қосу;
- мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін сақтай отырып, интернет-ресурстар құру және ақпаратты электрондық үкімет веб-порталының компоненттеріне орналастыру.


Мемлекет басшысы өз Жолдауында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту міндетін қойды, атап айтқанда, бұл – оңалту орталықтарының желісін кеңейту.


12 өңірде 150 орындық жаңа оңалту орталықтарының құрылысы жоспарланған. 2021 жылы оңалту орталықтарының құрылысы 3 өңірде басталды: Абай, Жамбыл және Түркістан облыстары. Биылғы жылы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында құрылыс басталды, 2023 жылы Ақмола облысында бастау жоспарлануда.


Бұдан басқа, 2022 жылы аутизм спектрі бұзылған және басқа да ақыл-ойы тежелген балаларға арналған (Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында) 8 күндізгі күтім орталығын ашу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04