конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мұғалімдердің сайлау жұмыстарына қатысуын шектеу ұ...

Мұғалімдердің сайлау жұмыстарына қатысуын шектеу ұсынылды

Заң мен тəртіп 21.06.2023, 11:24 1,045
Мұғалімдердің сайлау жұмыстарына қатысуын шектеу ұсынылды
Сурет: Azattyq.org

Заңда мұғалімдердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстармен айналыспауы керектігі айтылған.


Мәжілістегі "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының мүшелері мұғалімдерді сайлауға тартпауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәжіліс депутаты, фракция мүшесі Гауһар Танашева вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында мұғалімдердің сайлауға қатысу мәселесін қозғады.


Ол 2022-2023 жылдары елімізде 3 ірі сайлау науқаны – референдум, президент сайлауы және парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өткенін еске салды.



"Біздің мұғалімдер осы сайлаулардың барлығына қатысып, уақытын дайындыққа, сайлауды өткізуге және нәтижелерді есептеуге арнады. Қазақстанның Еңбек кодексінде, "Білім туралы" және "Педагог мәртебесі туралы" заңдарда мұғалімдердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстармен айналыспауы керектігі айтылған. Алдағы уақытта мұғалім мәртебесін төмендетпей, лайықты құрметті ұстаздық кәсіпті сақтап қалғымыз келсе, мұғалімдерді сайлауға тартпау мәселесін көтеруіміз керек", - деді Танашева.



Осыған байланысты депутаттар мұғалімдердің сайлауға қатысуын шектеуді, мектеп ғимараттарында сайлау учаскелерін орналастырмауды және мұғалімдерді сайлау комиссияларының құрамына қоспауды ұсынды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #мұғалім #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);