AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мұғалімдердің бәріне топырақ шашу дұрыс емес - Ған...

Мұғалімдердің бәріне топырақ шашу дұрыс емес - Ғани Бейсембаев

Әлеумет 29.03.2023, 13:01 1,016
Мұғалімдердің бәріне топырақ шашу дұрыс емес - Ғани Бейсембаев
Сурет: Abai.kz

Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаев сайлаудағы заңсыздықтарға мұғалімдердің қатысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Біріншіден, сайлау науқанына мұғалімдердің бәрі түгел қатыспағанын айтқым келеді. Белгілі бір 30 пайыз мөлшерінде ғана... Екіншіден, "Педагог мәртебесі туралы" заңға байланысты сенбі-жексенбі күндері өткен сайлауға мұғалімдерді тартуға тыйым салынғаны белгілі.


Ал мұғалім азамат ретінде, жұмыстан тыс, "Сайлау туралы заңға" байланысты, заң шеңберінде қатысып жатса, оған, әрине, біз ешқандай шектеу қоя алмайтынымыз белгілі.


Дейтұрғанмен, "Педагог мәртебесі туралы" заңға сәйкес, мұғалімдердің өз-өзін ұстауы, мәдениеті жағынан да міндетті түрде қарап отырмыз. Әлеуметтік желідегі мұғалімдердің бәйәрекеттік мәселелерге қаншалықты қатысы бар екенін тексеру туралы тапсырма бердім. Соның бәрін қарап, жіті зерттеп, мұғалім бе, мұғалім емес пе, оның бәрін анықтау керек деп есептеймін», - деді ол Мәжіліс кулуарында.



Сондай-ақ,ведомство басшысы сайлау кезінде қандай да бір мұғалім тарапынан заң бұзылғаны дәлелденсе, мұғалім әдебі туралы нормалар бойынша тиісті шаралар қолданылатынынын түсіндірді.



«Қандай шара қолданатынымыз заң бұзу әрекетінің деңгейіне байланысты болады», - деді министрдің міндетін атқарушы.



БАҚ өкілдері Орталық сайлау комиссиясы мұғалімдер тарапынан заң бұзылғанын ресми мәілмдегенін еске салып, бұл келеңсіздіктер туралы ведомство басшысы не ойлайтынын сұрады.



«Сіз дұрыс айтып отырсыз. Оны менің тарапымнан құрылған комиссия анықтап, ұсыныс беруі керек. Өйткені әр нәрсеге жіті қарау керек қой. Себебі оның артында тағдыр тұр ғой. Кез келген адам заңсыз жазаланбауы керек. Бәрі әділетті болу керек деп есептеймін. Біз мұғалімдерге соншалықты деңгейде, бәріне бірдей топырақ шашу дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені елімізде 500 мыңға жуық мұғалім бар. Белгілі бір мұғалімдер ондай әрекеттерге барса, бүкіл мұғалімдерге ондай айып тағу артық шығар», - деді Ғани Бейсембаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #заңсыздық #мұғалім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);