Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мониторинг тобы Түрксіб пен Медеу ауданындағы бірн...

Мониторинг тобы Түрксіб пен Медеу ауданындағы бірнеше мейрамхананың жұмысын әшкереледі

Әлеумет 03.07.2021, 14:00 1,570
Мониторинг тобы Түрксіб пен Медеу ауданындағы бірнеше мейрамхананың жұмысын әшкереледі
Сурет: Purefragranceoils.com

Мамандар әр келушінің Аshyq қосымшасымен кірген-кірмегенін бақылап, тексеріс жүргізді.


Алматыда карантин талаптарын сақтамайтын кәсіпкерлік нысандар азаймай тұр. Сол үшін қалалық штабтың мамандары күні-түні рейд жүргізіп, Түрксіб пен Медеу ауданында орналасқан бірнеше мейрамхананың жұмысын әшкереледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.


Ең қызығы, ұсталған мекемелердің барлығында ашық бағдарламасы болса да, санитарлық талаптар сақталмайды. 


Қалалық штабтың мамандары өткен түні Түрксіб ауданына қарасты Сейфуллин даңғылының бойында орналасқан мекеменің үстінен түсті. Мамандар әр келушінің Ashyq қосымшасымен кірген-кірмегенін бақылап, тексеріс жүргізді.


Бұл мекеме ашық бағдарламасымен жұмыс істесе де, санитарлық талаптар мүлде сақталмаған. Себебі келушілер 50 пайыздан артық. Қазір мамандар анықталған фактілер бойынша тиісті шараларды жүзеге асырып жатыр.


Кейін тексерушілер мекеменің қасындағы тағы бір мейрамхана мен Ақан сері көшесінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысанның жұмысын әшкереледі. Мұнда да арақашықтық сақталмаған.



«Қаланың «қызыл» аймақта болуына байланысты рейд жұмыстары күшейіп жатыр. Қазіргі уақытта ауданда 4 мониторингтік топ жұмыс істейді. Екеуі күндіз, қалған екеуі түнде шығады», – деді Түрксіб аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Рүстем Өсеров.



Көп ұзамай мамандар Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан түнгі бар мен Бөгенбай батыр көшесіндегі мейрамхананы анықтады. Себебі мұнда да әдеттегідей арақашықтық сақталмағаны өз алдына, келушілер карантиндік шектеулерді елемеген. Естеріңізде болса, бұл мекемелер осыған дейін де бірнеше мәрте тәртіп бұзып, көзге түскен еді.  



«Алдағы уақытта Алматы қаласы бойынша рейд жұмыстары жалғаса береді және әр аудан, қала бойынша 8 мониторингтік топ жұмыс істесе, әр аудан бойынша 4 мониторингтік топ бар. Соған сәйкес, Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің және ҚР бас санитарының қаулыларына құлақ асып жүрген дұрыс деп санаймын», – деді қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілі Қуанышбек Жақсыбек.



Осылайша мониторингтік топтар өткен түні көңіл көтеретін орындарда 14 тәртіп бұзушылықты анықтап, хаттама толтырды. Айта кету керек, қоғамдық орындарда ауру жұқтыруы ықтималдығы өте жоғары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Птицеводы #правительство #Субсидия #Алматы #топ #проверка #мониторинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика