Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Мобильді аударым бойынша кім салық төлейді?

Мобильді аударым бойынша кім салық төлейді?

Экономика 13.12.2023, 10:12 1,248
Мобильді аударым бойынша кім салық төлейді?
Сурет: интернеттен

Пилоттық жоба жүріп жатыр.


Биылдан бастап салықшыларға банк мәліметтеріне сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысу белгілері бар тұлғалар туралы ақпараттар түседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді аударымдар үшін кімдерге салық салынатынын түсіндірді.


Министр мобильді аударымдарды реттейтін заң былтыр қабылданғанын еске салды. Айтуынша, банктермен пилоттық жоба жүріп жатыр.



"Біз мынадай критерий қойдық – үш ай ішінде бір карточкаға 100 аударым. Біз бақылаймыз. Бұл шартты критерийлер, біз оны өзгертуіміз де мүмкін, аз не көп болуы да ықтимал. Заң былтыр қабылданған және кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді аударымдарға салық салуға бағытталған. Ал егер мобильді аударымдар туысқандар, әріптестер арасында жасалса, енді түрлі жағдай болады ғой, онда бұл кәсіпкерлік қызметке жатпайды және оған салық салынбайды", - деп түсіндірді Жамаубаев мәжіліс кулуарында.



Айтуынша, бизнесі бар адамдар кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша тіркеліп, аударымдар үшін бөлек арнайы шот ашуы керек. Сөйтіп салық төлеуге міндеттеледі.


Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіргендей, биылдан бастап салықшыларға банк мәліметтеріне сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысу белгілері бар тұлғалар туралы ақпараттар түседі.


Егер азаматтың жеке банк шотына үш айдың ішінде ай сайын 100 не одан көп адамнан ақша түссе, олар бақылауға алынады.


Банктер кезең-кезеңмен ақпарат ұсынады:


2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары бойынша;


2024 жылдан – мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары;


2025 жылдан – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары;


2026 жылдан – халықтың қалған бөлігі бойынша.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #мобильді аударым #жоба #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика