AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Міржақып. Оян, қазақ!" тарихи сериалының түсірілі...

"Міржақып. Оян, қазақ!" тарихи сериалының түсірілімі басталды

Әлеумет 05.10.2022, 14:00 1,535 Almaty-akshamy
"Міржақып. Оян, қазақ!" тарихи сериалының түсірілімі басталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Туындының сценарий авторлары - Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалым және Ұшқын Сәйдірахман


Тарихи сериал Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының өмірі, шығармашылығы мен саяси күресі жайында. Сол замандағы айтулы оқиғаға негізделген. Режиссер Мұрат Есжан былтыр көптің назарына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы сериал ұсынып, көрермендерден жоғары баға алған болатын деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


Алдағы екі күні бойы шығармашылық топ Қостанай қаласында түсірілім жасайды. Ол үшін қаладағы тарихтан сыр шертетін көне ғимараттар арнайы таңдалған. Түсірілім жұмыстары Міржақып Дулатұлының туған жері Жангелді ауданы, Қызбел ауылында да жалғаспақ. Ол жерде Міржақыптың балалық шағы мен алғашқы үлкен өмірге қадам басқан сәттері видеоға таспаналады.



"Өткен жылы "Ахмет. Ұлт ұстазы" киносын түсіргенде оның туып-өскен жері Торғайдың назардан тыс қалғанына сын айтылды. Көптеген көрермендер бұдан былай мұндай қателікке жол бермеуді өтінді. Сондықтан бұл жолы біз ақын Міржақып Дулатұлының туған жерінде түсірілім жасауды ұйғардық", – дейді телехикаяның режиссері Мұрат Есжан.



Жоба бас продюсері Айсәуле Әбілдаеваның айтуынша, 6 cериядан тұратын туындыға қажетті декорацияны таңдау үшін шілде айында Қостанайға келіпті. "Міржақып" сериялының түсірілімі 17 тамызда Алматы облысында басталды. Ол өлкеде біз ең көп материал жинадық. Қостанай жеріне келуіміздің басты себебі - тарихи туындыға өң беретін негізгі сәттерді түсіру.


Сериалда Міржақыптың рөлін актер Бақыт Қажыбаев, ал жары Ғайникамал рөлінде актриса Зарина Кармен. Сериалда Әлихан Бөкейханов рөлін Бауыржан Қаптағай, Ахмет Байтұрсынұлын Байғали Есенәлиев сомдайды.


Туынды Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ұлттық арнадан көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Міржақып #Оян қазақ #Сериал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);