AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Министр қант импортын азайтуға қатысты пікір білді...

Министр қант импортын азайтуға қатысты пікір білдірді

Әлеумет 19.06.2023, 10:23 953
Министр қант импортын азайтуға қатысты пікір білдірді
Сурет: ашық дереккөз

Отандық шикізаттан қант өндіру көлемі өсіп, ақ қант импортының үлесі 58 пайыздан 17 пайызға дейін азаяды. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Қант қызылшасының орташа жалпы өнімі 5 жыл ішінде (2017-2021 ж.) 450 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі 300 ц/га болды. Басқа өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекеттерде өнімділік 440-480 ц/га құрап отыр. Салыстырмалы түрде қарасақ, Ресейде – 437 ц/га, Беларусьте – 485 ц/га, Украинада-445 ц/га. Яғни еліміздегі өнімділік деңгейі төмендеу», - деді Е.Қарашөкеев.



Оның айтуынша, қант қызылшасы егістіктерін ұлғайтуға бұл саладағы жоғары шығындар мен өндірістің төмен рентабельдігі, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету қиындықтары кедергі болып тұр, деп жазады ҚазАқпарат.



«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейтуді, жаңа суармалы жерлерді енгізуді, су үнемдейтін технологияларын іске қосуды, тұқым шаруашылығын дамытуды, сондай-ақ жаңа инновациялық зауыт салуды қамтитын 2026 жылға дейін қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп, бекітілді. Орта мерзімді перспективада жергілікті қызылшадан қанттың ішкі қажет көлемін 43 пайызға қамтамасыз ету үшін егіс алаңы оңтүстік өңірлерде ұлғаяды. Отандық шикізаттан қант өндіру 250 мың тоннаға дейін өседі, сондай-ақ ақ қант импортының үлесі 58 пайыздан 17 пайызға дейін төмендетіледі», - деді министр.



Оның сөзіне қарағанда, фермерлерді қолдау және олар үшін қантты өндірудің тиімділігін арттыру мақсатында биыл қант қызылшасын сатып алу бағасы, сондай-ақ субсидия мөлшері артты. Мәселен, қант зауыттары тоннасына 15 мың теңге, ал мемлекет 25 мың теңге субсидия төлейді. Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жөніндегі жұмыс аясында қызылша жинайтын комбайндар мен басқа да техниканы сатып алуға өтемақы нормативін 50 пайызға дейін арттыру мәселесі пысықталып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылық #қант #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 12:33

23 сәуір -Ұлттық кітап күні

Бүгін 12:16

Алматыда биыл 700-ден астам интернеттегі алаяқтық тіркелді

Бүгін 11:14

Маркетплейс саудагерлеріне де бақылау күшейтілді

Бүгін 11:07

Елордада IX «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

Бүгін 10:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика