AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Министр Марат Қарабаев іссапармен Әзірбайжанға бар...

Министр Марат Қарабаев іссапармен Әзірбайжанға барды

Саясат 14.08.2023, 13:40 1,397
Министр Марат Қарабаев іссапармен Әзірбайжанға барды
Сурет: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Аталған сапарда ҚР ИИДМ басшысы бауырлас мемлекеттің көлік инфрақұрылымы жүйесімен танысып, Азербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрімен кездесті


Бұл орайда Марат Қарабаев Қап тауы өңіріне құрамында ТХКБ халықаралық қауымдастығының, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Ақтау және Құрық теңіз порттарының, республиканың ірі өнеркәсіп, өндіруші және көлік-логистикалық компанияларының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияны бастап барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Елімізден барған жұмыс тобы Баку халықаралық сауда портына, кеме жасау зауытына, Апшерон логистикалық орталығына, Говсан портына мен Баш-Алят стансасына аялдады. Сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бакудегі теміржол вокзалына барып, швейцариялық Stadler компаниясы өндіретін жолаушылар вагондарын бағамдап шықты.


Сондай-ақ М.Қарабаев Әзірбайжанның Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиевпен кездесті. Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады.



ҚР ИИДМ басшысы екі елдің Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудағы жетістіктеріне тоқталды. Сонымен бірге ол транзиттік әлеуетті кеңейту Каспидің маңындағы мемлекеттердің достық байланысын нығайтудағы басым міндеттердің бірі екенін жеткізді.


Келіссөздер барысында ведомство басшысы әзербайжандық әріптесіне Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша жаңартылған Жол картасының жобасымен таныстырды. Аталған құжатқа ТХКБ қатысушы мемлекеттері қол қояды деп көзделген.



«Құжат маусым айындағы кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзірбайжанның Үкімет басшыларының тапсырмасы аясында әзірленді. Онда Еуропа – Орталық Азия көлік байланысы туралы ЕҚДБ-ның сараптамалық есебінде көрсетілген тасымалдарды кешенді дамыту  ұсыныстар ескерілді», деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.



Кездесудің соңында М.Қарабаев түбі бір бауырлас елдердің өзара тиімді ынтымақтастығы нығая түсетініне сенім білдіріп, әріптесін Астанада өтетін 26-шы TransLogistica Kazakhstan-2023 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әзірбайжан #Іссапар #келіссөз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Алатау және Наурызбай аудандарының сумен жабдықтау жүйесі күшейтілді

Бүгін 10:44

Әлем мойындаған шеберлік

Бүгін 10:27

Алматыда шұғыл көмек қызметі дамып келеді

Бүгін 10:01

Алматыда қайталама шикізатты жинау мен қайта өңдеуге арналған экоакция өтеді

Бүгін 09:53

Еліміздің бірқатар өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);