Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Міндетті зейнетақы жарналарын кімдер төлейді?

Міндетті зейнетақы жарналарын кімдер төлейді?

Әлеумет 22.06.2023, 08:10 1,199
Міндетті зейнетақы жарналарын кімдер төлейді?
Сурет: Inform.kz

Міндетті зейнетақы жарналары – жұмыс беруші БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына төлейтін ақшалай мәндегі еңбекақы мен өзге де кірістердің барлық түрінің 10% бөлігі.


1 шілдеден бастап елімізде Әлеуметтік кодекс өз күшіне енуіне орай міндетті зейнетақы жарнасын төлейтіндерге қатысты тәртіп те өзгермек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл ереже еңбек шарты бойынша да, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша да қызметкерлерге қолданылады.



2023 жылғы 1 шілдеге дейін азаматтардың мына санаттары БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге құқылы, бірақ міндетті емес болып келді:


салық агенттері саналмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;


Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар.



2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғарыда аталған барлық тұлғалар БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге міндетті болады.


МЗЖ төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Ол өз кезегінде оны пайдасына осы жарналар аударылатын жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес БЖЗҚ-ға аударады.


Бұл шара халықты болашақта лайықты төлемдермен қамтамасыз етуді көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту аясын ұлғайтуға ықпал етеді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БЖЗҚ #зейнетақы #жарна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі