Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Міндет экономика өсімін $450 млрд-қа дейін жеткізу

Міндет экономика өсімін $450 млрд-қа дейін жеткізу

Әлеумет 29.08.2024, 14:38 1,303
Міндет экономика өсімін $450 млрд-қа дейін жеткізу
primeminister.kz

Жаңа қолдау құралдары шеңберінде ОТӨ-мен шарт жасасу көлемі 40%-ға артты 

 Премьер-Министр Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында Үкімет еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай экономика өсімін $450 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі алға қойған міндетіне қол жеткізу үшін экономика құрылымын өзгерту бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

 Экономикалық патриотизм қағидаты Үкіметтің негізгі басымдығы болып белгіленді.

 «Біз қашан да отандық өндірушілерді қолдаймыз. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде тек қана жергілікті өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың тізбесі едәуір кеңейтілді. Соның ішінде химия өнеркәсібі, қағаз өнімдері, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп салаларында отандық өнімдерді сатып алу көлемі айтарлықтай өсуде. Қорыта айтқанда, отандық кәсіпорындармен жасалған шарттардың саны 1,4 есеге ұлғайып, жалпы сомасы 40%-ға өсті», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» компаниясының өндірістік жүктемесі биылғы 7 айдың ішінде 12%-дан 100%-ға жеткізілді. Павлодар облысындағы бояу өнімдерін шығаратын «Лакра» кәсіпорнының жүктемесі 70%-ға дейін өсті. Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы астаналық «Metal Former» компаниясын 100%-ға жүктеуге мүмкіндік берді.

 Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы, жер қойнауын пайдаланушы басқа да ірі субъектілер отандық өндірушілермен 635 млрд теңге сомасына 382 келісімшарт жасасты.

Экономика өсімін ынталандыратын негізгі құралдардың бірі депутаттардың қолдауымен қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң болды. Бұл өндірушілердің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді және сатып алу саласындағы заңсыз әрекеттердің алдын алады. Заң аясында Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды.

Тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. Ол ірі кәсіпорындар үшін жергілікті өндірушілермен ұзақмерзімді шарттар, офтейк-келісімшарттар жасасу, сондай-ақ елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын енгізу бойынша міндеттемелерді көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #экономика #отандық өндірушілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

Кеше 22:03

Алматыда қазақ анимациясының көрнекті өкілі, режиссер, суретші әрі ұстаз Ерсайын Әбдірахмановтың 80 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өтті

Кеше 20:46

Бакуда Көктемгі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті 

Кеше 19:42

Алматыда 15–16 сәуір мерзімі өткен дәрілерді жинау бойынша экоакция өтеді

Кеше 18:49

Тоқаев Петер Мадьярды жеңіске жетуімен құттықтады

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика