Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Миллионнан астам жұмысшының жалақысы көбейеді

Миллионнан астам жұмысшының жалақысы көбейеді

Әлеумет 26.05.2022, 06:57 1,372
Миллионнан астам жұмысшының жалақысы көбейеді
Сурет: Stan.kz

Үкімет халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында біраз шараларды атқаруға бекініп отыр.


Негізгі мақсаттардың бірі – жұмысшылардың жалақысын көтеру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бір миллионнан астам жұмысшының жалақысы көтерілетінін мәлімдеді.



«1,1 миллионнан астам жұмыскердің еңбекақысын арттыру көзделген. Соның ішінде бюджет саласының 850 мыңнан аса қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақысы ұлғайтылады. Мәселен, дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 173 мыңнан 250 мыңға дейін өседі. Педагог мамандардың жалақысы да артады», - деді Тоғжанов сенаттың жалпы отырысында.



Оның айтуынша, сәуір айынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының 258 мың өндірістік персоналының жалақысы 5 проценттен 48 процентке дейін көтерілді.



«Бұл ретте жалақысы төмен лауазымдарға басымдық берілді. «Қазпошта» жүйесінде жүргізуші-курьердің жалақысы 144 мыңнан 237 мың теңгеге дейін өсіп отыр. Осылайша, қазірдің өзінде азаматтардың табысын арттыру бойынша нақты шаралар жүзеге асырылуда», - деп атап көрсетті Тоғжанов.



«Самұрық-Қазына» қорына қарасты тағы төрт компанияда жылдың соңына дейін өндірістік персоналдың еңбекақысы 5-18 процентке көтеріледі.



«Бұдан бөлек, мемлекеттен қолдау шараларын алатын ірі бизнеске қатысты міндеттемелерді белгілеу есебінен онда істейтін 2,8 миллион қызметкердің орташа жалақысы өседі. Ашығын айту керек, біз мұндай талапты бірінші рет қойып отырмыз. Бүгінде мемлекеттің үлкен бағдарламаларына, соның мемлекеттік сатып алуларға қатысатын көптеген ірі компания бар. Олармен нақты келісім жасалған», - деді Үкімет басшысының орынбасары.



Тоғжанов осы уақытқа дейін жұмысшылардың жалақысын көтерген ірі компанияларды да атап өтті. Олардың ішінде KAZ Minerals (15 процент), ҚазАзот (20 процент), ERG (25 процент), Қазақмыс (30 процент) және тағы басқа кәсіпорындар бар. Жалпы, 150-ден астам компания жалақыны көтеруге келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #үкімет #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика