Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мерекелер қарсаңында ҚТЖ қосымша пойыздар қосты

Мерекелер қарсаңында ҚТЖ қосымша пойыздар қосты

Әлеумет 29.11.2023, 05:51 932
Мерекелер қарсаңында ҚТЖ қосымша пойыздар қосты
Сурет: ашық дереккөз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында пойыз билеттеріне сұраныстың артатынына байланысты бірнеше бағыт бойынша қосымша пойыздар қосып отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:



  • №201/202 «Нұр-Сұлтан 1 - Шымкент» бағытында: елордадан 3 пойыз шығады – 2023 жылдың 15, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1 қаңтарында. Шымкенттен кері шығатын күндер – биылғы 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтары.



  • №203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Алматы 2» бағытында: «Нұрлы жол» вокзалынан 5 пойыз шығады – осы жылдың 15, 28, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында. Алматы 2 вокзалынан кері қайтатын күндер – 16, 29, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2, 3 қаңтары.


Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады.


Сондай-ақ №7510/7509 электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады. Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта – биылғы жылдың 18 желтоқсанында және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді.



«Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған жағдайда жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады», - делінген мәліметте.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қтж #пойыз #Жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі