AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Мереке Құлкенов: «Жаңа Конституция – ұлттық құндыл...

Мереке Құлкенов: «Жаңа Конституция – ұлттық құндылықтарды айқындайтын тарихи құжат»

Жаңа Конституция 02.07.2026, 12:56 353
Мереке Құлкенов: «Жаңа Конституция – ұлттық құндылықтарды айқындайтын тарихи құжат»

Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов жаңа Конституцияның күшіне енуін Қазақстан тарихындағы маңызды әрі тағдырлы оқиға деп бағалады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа Конституция еліміздің мыңжылдық тарихы мен ұлттық құндылықтарын жаңа мазмұнда айқындап, мемлекеттіліктің идеологиялық негіздерін нығайтады.

«Бүгін – Қазақстан халқы үшін ерекше күн. Жаңа Конституциямыз күшіне еніп отыр. Бұл құжат елдің тарихи сабақтастығын, ұлттық бірегейлігін және болашақ алдындағы жауапкершілігін айқындайтын маңызды құжатқа айналады», – деді Мереке Құлкенов.

Жазушылар одағының төрағасы Конституцияның преамбуласында халқымыздың мыңжылдық тарихына ерекше мән берілгенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл елдің ұлттық идеологиясын қалыптастырудағы маңызды қадам.

«Бұған дейін ұлттық идеология мәселесі жиі көтеріліп келді. Ал жаңа Конституцияда бұл бағыт өз орнын тапты. Мыңжылдық тарихымызға сүйену, ұлттық құндылықтарды сақтау және Жаңа Қазақстан қағидаттарын орнықтыру – Ата заңның маңызды ерекшеліктерінің бірі», – деді ол.

Мереке Құлкенов жаңа Конституция заң үстемдігін күшейтіп, қоғамда тәртіп пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

«Заң үстемдігі орныққан жерде әділеттілік те, тәртіп те болады. Конституцияның басты мақсаты – қоғамда өзара құрметті, жауапкершілікті және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру», – деді ол.

Сонымен қатар ол Конституцияны елдің ұлттық коды ретінде бағалап, жаңа реформалардың қоғамның бірлігі мен мемлекет дамуына серпін беретінін айтты.

«Бұл Конституция – біздің ұлттық кодымыз. Ол Қазақстан халқын ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіріп, елдің аумақтық тұтастығын, қоғамдық келісім мен отаншылдық рухын нығайтуға қызмет етеді. Бүгіннен бастап Жаңа Қазақстанның жаңа кезеңі басталады. Сондықтан 1 шілде еліміздің тарихында алтын әріппен жазылатын күндердің бірі болады», – деп түйіндеді Мереке Құлкенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады

Бүгін 18:00

Қазақстанның университеті Германиямен қос диплом бағдарламасын іске қосады

Бүгін 18:00

Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді

Бүгін 17:53

Мемлекет басшысы Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады

Бүгін 17:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтты қабылдады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);