Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мереке Құлкенов: Қазақстан жазушылар Одағы жаңа қо...

Мереке Құлкенов: Қазақстан жазушылар Одағы жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру жұмысына белсене қатысады

Әлеумет 17.06.2023, 08:50 1,511
Мереке Құлкенов: Қазақстан жазушылар Одағы жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру жұмысына белсене қатысады
Almaty-akshamy.kz

«Әділетті Қазақстан – адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осынау тарихи даму кезеңіндегі идеологиялық жұмыстардың негізгі бағыттарын атап көрсетті. 


Мемлекет басшысы мәдени мұраны сақтау мен насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ұлттық идеологияны қалыптастырудың тиімді құралының бірі – кітап шығару ісімен тығыз байланысты екендігін баса айтты. 



Қасым-Жомарт Тоқаев бізде басқа елдердің шетелдік өнімдері басым екендігіне – әдеби кітаптардың 90 пайызға жуығы сырттан келеді. Бұл үрдістің салдары қандай болатыны айтпаса да түсінікті. Президент: «Ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығару өте маңызды. Смартфон баланың қолындағы кітаптың орнын баспауы қажет», - деп атап көрсетті. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде еліміздің мектеп кітапханаларында 130 миллион кітап бар. Алайда олардың арасында көркем әдебиеттің үлесі шамалы. 


Мен Президенттің «кітап оқитын халық қана нағыз зиялы бола алады»,- деген пікіріне толық қосыламын. Сондықтан мен және әріптестерім өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға бар күш-жігерімізді саламыз.


Жазушылар одағы «Балалар кітапханасы» жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосуға әзір. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын кітаптардың арнайы тізімін жасауға белсене атсалысуға дайынбыз.


Мемлекет басшысының тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапхананы салу туралы ұсынысы да жазушылар қауымынан қолдау тапты. Бұл кітаптарды қолжетімді етеді және қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты оятуға көмектеседі.


Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Жазушылар Одағының ұлттық идеология мен жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру, соның ішінде кітап оқитын ұлтты дамыту сияқты маңызды істерге белсене атсалысуы керектігіне назар аударды. 


Бұл мәселелерде біз Мемлекет басшысымен толық ынтымақтасамыз. Қазақ әдебиетінің дамуына ұдайы қолдау көрсетіп жүргені үшін Одақ атынан және жеке өз атымнан алғыс айтамын. Заманауи авторлардың шығармалары сұранысқа ие және сұранысқа ие болуы керек, сөреге шаң жинамауы тиіс. Бұл мәселе бойынша да жұмыс істейтін боламыз.


Сондай-ақ, Мемлекет басшысы оқырмандарды рухани азық бере алатын тың туындылар күтіп тұрғанын қадап айтты. «Қазақстанның халық жазушысы» атағының қайтарылуы Жазушылар одағының жұмысына жаңа серпін беретініне сенімдімін. Бұл жоғары баға өзекті, қызықты, танымал туындылар жасаған авторларға ғана беріледі.


Президент ұсынған бастамалар – қоғамның барлық күші жұмылдырылуы тиіс үлкен жұмыстың бір парасы ғана. Шығармашылық зиялы қауым, жазушы қауым өкілдері болып жатқан тарихи өзгерістерден шет қалмауы керек. Біз Әділетті Қазақстанды құруға қатысу ісіндегі жоғары жауапкершілікті түсінеміз.


Жазушылар одағы жаңа қоғамдық әдеп пен жаңа даму парадигмасын қалыптастыру мәселелерін шешуге белсене атсалысатын болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жазушылар #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика