AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Меморгандардың бюджет қаражатын басқару деңгейі тө...

Меморгандардың бюджет қаражатын басқару деңгейі төмен

Әлеумет 07.06.2023, 07:16 996 Almaty-akshamy.kz. 
Меморгандардың бюджет қаражатын басқару деңгейі төмен
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  




2022 жылы игерілмеген қаражат 325 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде бюджет бойынша қосымша 8 түзету, 1 нақтылау жүргізілген. Тек жүргізілген түзетулердің нәтижесінде 281 млрд теңгеге бюджет азайтылып, әкімшілердің шығысы 628,5 млрд теңгеге қайта бөлінген. Яғни Парламентте бюджеттің нақтылауын есепке алмағанда, бұл шамамен 1 трлн теңге, - деп айтты Мәжіліс депутаты.



Оның айтуынша, бұл мәселе мемлекеттік органдардың, администраторлардың бюджет қаражатын басқару деңгейінің төмен екенін және бюджеттік тәртіптің ақсап тұрғанын көрсетеді, деп жазды BAQ.KZ.



Бұл Үкіметтің немқұрайлылығынан туындайтын тәуекелдерді болдырмау үшін қандай шара қабылдайсыздар? Үкімет бюджетті басқаруды өзі тәртіпке келтіре алмаса, онда заң деңгейінде, яғни Мәжілісте бюджетке түзетулер санын шектеу жөніндегі норма енгізу қажет пе? – деп сұрады ол Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан.



Өз кезегінде Жамаубаев депутаттың сұрағына жауап берді.



Қаржы министрі ретінде кез келген қаржылық тәртіпке немесе бюджетке қатысты ұсыныстың барлығын қолдаймын. Дегенмен сіз айтып отырған түзетудің барлығын нақтылау заң аясында жасалған. Ол қажеттілік пен нақты объективті себептерге байланысты. Қаржы министрлігінде мемлекеттік аудит комитеті бар. Осы комитет былтырдың өзінде 500,2 трлн бюджет қаражатына 2 300-ден аса аудиторлық іс-шара жүргізген болатын. Яғни Қаржы министрлігі де осы қаражатқа тиісті бақылау жүргізіп отырады, - деп айтты Қаржы министрі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Меморгандар #бюджет #қаражат #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);