AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мемлекеттік туды көлікке іліп жүру заңсыз әрекет п...

Мемлекеттік туды көлікке іліп жүру заңсыз әрекет пе? Заңгер жауабы

Заң мен тəртіп 18.12.2025, 09:30 494
Мемлекеттік туды көлікке іліп жүру заңсыз әрекет пе? Заңгер жауабы
сурет: ЖИ

Тәуелсіздік күні әлеуметтік желіде мемлекеттік туды көлігіне іліп жүрген жүргізушілерді жолда тоқтатып, ескерту жасаған полиция қызметкерлерінің видеосы тарады. Көпшілік өз елімде өз туымды көтергенім үшін айыппұл арқалаймын ба?” деген сұраққа жауап іздей бастады. Заңгер Арман Шәріповтің айтуынша, ту көтеру заңсыз әрекет емес, бірақ оны пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін бұзбау маңызды. Аqshamnews.kz тілшісі анықтап білді. 

Арман Шәріпов 

заңгер, құқық қорғаушы

"Туды желбірету заңсыз әрекет емес"

Арман Шәріповтің түсіндіруінше, мемлекеттік туды желбірету – азаматтардың патриоттық ұстанымын білдіретін қалыпты әрекет. Яғни туды көтеруге, көрсетуге әлбетте тыйым салынбаған. Алайда туды қалай ілетініңіз (орнату/бекіту, орналастыру) мемлекеттік нышандар туралы заңнамада белгіленген қағидаларға сай болуы керек. 

"ҚР "Мемлекеттік рәміздер туралы" Конституциялық заңында: "Мемлекеттік Ту оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиіс" деп нақты көрсетілген. Мәселен, көлік жүргізушілері көлік панеліне кішкентай туды іліп қояды. Егер туды ілуге болмайтын болса, онда сол жүргізушілердің бәріне айыппұл салынып кетер еді. Сол себепті мемлекеттік туды көрнекілік ретінде ілуге, қолдануға болады", - деп қосты маман. 

Айыппұл қандай жағдайда салынады?

Заңгердің сөзінше, айыппұлдың негізгі тәуекелі - туды заңнама талаптарын бұза отырып пайдалану (мысалы, дұрыс бекітпеу, талапқа сай емес күйде қолдану, қорлау сипатындағы әрекеттер).

Әкімшілік жауапкершілік бойынша:

  • ҚР ӘҚБтК 418-бап, 1-1-бөлік: мемлекеттік туды (не елтаңбаны) заңнаманы бұза отырып пайдалану (орнату, орналастыру) – ескерту немесе жеке тұлғаларға 5 АЕК айыппұл.

  • ҚР ӘҚБтК 418-бап, 1-бөлік: ұлттық стандартқа сай келмейтін туды дайындау – жеке тұлғаларға 25 АЕК айыппұл (бұл көбіне өндіріс/сату жағына қатысты). 

Ал егер әрекет “қастерлеу” емес, қорлау/мазақ ету сипатында болса, қылмыстық жауапкершілікке дейін барады:

  • ҚР ҚК 372-бап: мемлекеттік рәміздерді қорлау – 3000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе өзге жаза түрлері көзделген. 

Анықтама ретінде: 2025 жылы 1 АЕК = 3932 теңге. Демек, 5 АЕК ≈ 19 660 тг, 25 АЕК ≈ 98 300 тг. 

Заңгер кеңесі: айыппұлға ілікпеу үшін неге мән беру керек?

Арман Шәріповтің жауабына сүйенсек, жүргізушілерге ең қауіпсіз жолы - туды ұқыпты әрі талапқа сай пайдалану:

  • Ту таза, бүтін болуы керек (жыртық, ескі, бояуы оңған күйде қолданбаған дұрыс);

  • Ту жерге/жолға салбырап тимеуі, құлап кетпеуі керек;

  • Белгілері анық көрінетіндей, дұрыс қалыпта тұруы қажет;

  • Көлікке ілсеңіз, мықтап бекітіп, қауіпсіздікке кедергі келтірмейтіндей орналастырыңыз (жол көру аймағын жаппау, басқа қатысушыларға қауіп тудырмау).

Десе де, ескере кететін жайт, кей жағдайда туды пайдалану нақты жағдай бойынша қаралып, (қай жерде, қандай талап бұзылды, хаттама толтырылды ма) құқықтық бағаны тек құжаттарға қарап беруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік ту #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика